ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ АДАПТИВТІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ДЕГЕН ҚАТЫНАСЫН БАҒАЛАУ

Автор(лар)

  • Жорабекова А.Н. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Есназар А.Ж.
  • Дүйсенова М.М.
  • Курмашева М.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.010

Кілт сөздер:

цифрлық адаптивті оқыту, шетел тілі мұғалімдерін даярлау, эксперимент, ғылыми-әдістемелік семинар, цифрлық платформа, сауалнама, бағалау, жүйе

Аннотация

. Қазіргі білім беру мен ғылымды дамыту жағдайында цифрлық адаптивті оқыту жүйелерін зерттеу өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда адаптивті оқыту жүйесі мұғалімдер мен білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделген дербестендірілген оқу тәжірибесін ұсынады. Бұл жүйе мұғалімдер мен білім алушылардың білімін үздіксіз бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында цифрлық білім беру жағдайында адаптивті оқыту жүйесін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасалды.

Зерттеудің мақсаты - шетел тілі мұғалімдерінің цифрлық адаптивті оқыту жүйесіне деген қатынасы мен оларды педагогикалық тәжірибеде қолдануға дайындығын бағалау. Тәжірибелік-эксперименттік зерттеуге Шымкент және Түркістан қалаларындағы шетел тілі мұғалімдері қатысты. Жалпы 63 мұғалім өз еркімен зерттеуге қатысуға ынтасын білдіріп, іріктеліп алынды. Зерттеу үш кезең арқылы жүргізілді. Анықтау кезеңінде:  шетел тілі мұғалімдерінің адаптивті оқыту технологияларына деген қатынасын анықтау үшін «Адаптивті оқыту технологиясы туралы көзқарасыңыз қандай?» атты авторлық сауалнама қолданылды. Қалыптастыру кезеңінде: шетел тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибелік топқа «Шетел тілі мұғалімдерін даярлаудағы жаңа тенденциялар: цифрлық адаптивті технологиялар және жасанды интеллект» атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты: шетел тілі мұғалімдерінің цифрлық адаптивті технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте тиімді қолдануға дайындығын арттыру. Бақылау кезеңінде сауалнама қайта алынды. Сауалнама арқылы жинақталған деректер статистикалық зерттеу әдістері негізінде талданды. Сандық деректердің қалыпты таралғанын немесе қалыпты таралмағанын анықтау үшін Шапиро-Уилк тесті алынды. Сондай-ақ, бақылау және тәжірибелік топты салыстыру үшін параметрлік емес Манн-Уитни U тесті қолданылды. Зерттеу нәтижелері бақылау және тәжірибелік топтар арасында статистикалық маңызды айырмашылық бар екенін көрсетті (Манн–Уитни U = 218,5; Z = –4,043; p = 0,001; r = 0,51).

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles