ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕТАФОРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ КОГНИТИВТІ-КОРПУСТЫҚ ТӘСІЛ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.017Кілт сөздер:
метафоралық құзыреттілік, когнитивті лингвистика, корпус лингвистикасы, жасанды интеллект технологиялары, шетел тілі мұғалімдерін даярлау, шетел филологиясы, корпусқа негізделген оқыту, педагогикалық рефлексияАннотация
Мақалада лингвистикалық білім беру жүйесінде болашақ шет тілі мұғалімдерінің метафоралық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және практикалық негіздері қарастырылады. Метафора тілдік сана мен концептуализация үдерісінің негізгі механизмі ретінде мағынаны құрастыруда және дискурсты интерпретациялауда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты метафоралық құзыреттілікті дамыту кәсіби тілдік даярлаудың өзекті бағыттарының бірі болып табылады.
Зерттеу когнитивті метафора теориясы мен корпус лингвистикасының қағидаттарына сүйене отырып, метафоралық құзыреттілікті когнитивтік, лингвистикалық, педагогикалық және рефлексивтік компоненттерді біріктіретін интегративті құрылым ретінде сипаттайды.
Мақаланың практикалық бөлімінде «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен жүргізілген пилоттық педагогикалық апробация нәтижелері ұсынылады. AI-негізделген корпус құралдары оқу бағдарламасының мазмұнына өзгеріс енгізбей, жүйелі түрде оқу үдерісіне кіріктірілді. Студенттер шынайы тілдік деректер негізінде метафоралық бірліктерді анықтау, олардың семантикалық құрылымын талдау және контекстуалдық интерпретациялау бағытында тапсырмалар орындады.
Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жүргізілген корпус жұмысы студенттердің метафоралық санасын дамытуға, интерпретациялық дәлдігін арттыруға және тілдік талдауға рефлексивтік көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті. Қорытындысында лингвистикалық білім беру жүйесінде метафоралық құзыреттілікті қалыптастыруда AI-негізделген корпус технологияларын қолданудың әдістемелік тиімділігі негізделіп, болашақта кең ауқымды эмпирикалық зерттеулер жүргізу қажеттілігі айқындалады.





