САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ КОГНИТИВТІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.022Кілт сөздер:
сабақты жоспарлау, мақсат қою, критериалды бағалау, генеративті жасанды интеллект, Google Gemini, педагогикалық промптинг, TPACK, педагогтің кәсіби құзыреттілігіАннотация
Мақалада сабақты жоспарлауда генеративті жасанды интеллектіні (ЖИ) қолданудың когнитивті және технологиялық аспектілері қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі педагогтердің оқу мақсатын нақты сабақ мақсатына түрлендіру, бағалау дескрипторларын құрастыру және тапсырмаларды деңгейлеп іріктеу кезеңдерінде жүйелі қиындықтарға тап болуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – оқу мақсаты, сабақ мақсаты, дескриптор және тапсырма арасындағы дидактикалық сәйкестікті сақтай отырып, Google Gemini моделін пайдаланудың үш қадамдық алгоритмін теориялық негіздеу және практикалық сипаттау. Зерттеу сапалық-аналитикалық дизайнда орындалды: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 300 мектеп педагогі қамтылған жарияланған онлайн-сауалнамасының агрегатталған нәтижелеріне екінші реттік талдау жүргізілді; ұсынылған алгоритм TPACK моделі және ЮНЕСКО-ның педагогтерге арналған ЖИ құзыреттілік шеңбері тұрғысынан негізделді; Gemini генерациялаған материалдар үш тәуелсіз сарапшының алты критерий бойынша 0–2 балдық шкалада берген бағалары арқылы верификацияланды. Талдау сауалнамаға қатысқан педагогтер үшін сабақ мақсатын тұжырымдау жоспарлаудың ең күрделі кезеңдерінің бірі (22,2%) екенін көрсетті. Осы қиындықты азайту үшін «мақсат – дескриптор – тапсырма» логикасына негізделген алгоритм, педагогикалық промптингтің компоненттері және ЖИ нәтижесін верификациялау рубрикасы ұсынылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – педагогикалық промптингті технологиялық, педагогикалық және пәндік білімдердің тоғысындағы кәсіби дидактикалық дағды ретінде нақтылау. Жұмыстың практикалық маңызы ұсынылған алгоритм мен рубриканы педагогтердің біліктілігін арттыруда және әдістемелік қолдау жүйесінде қолдану мүмкіндігінде.





