ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Автор(лар)

  • Нуржанова С.М. КазНПУ имени Абая
  • Сыдыкова Ж.К.
  • Ерженбек Б.
  • Жанбекова Г.И.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.053

Кілт сөздер:

физиканы оқыту әдістемесі, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, жобалық оқыту, іс-әрекетке негізделген оқыту,, оқушылардың танымдық белсенділігі, орбиталық қозғалыс, наносерік, STEM

Аннотация

Мақалада мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылған. Зерттеу мақсаты – пәнді оқытуда жобалық және модельдеу сипатындағы тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту әдістемесін көрсету болып табылады.

Мақалада зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау барысында айқындалған пәнді оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәсілдің негізгі құрылымдық элементтері көрсетілген. Оларға: оқушының білімді өз бетінше «құруы», мақсатты әрекетті ұйымдастыру, жеке тұлға үшін маңызы бар мәселенің болуы, негізгі зерттеу сұрағының қойылуы мен практиканың интеграциясы жатады.

Сондай-ақ, мақалада Жәния Әубәкірованың авторлық мектебінің 8-9 сынып оқушылары үшін енгізілген «Наносерік құрастыру» үйірме бағдарламасының физика пәнінің бағдарламасымен сабақтастығы келтірілген. Бағдарламаға мазмұнына сәйкес наносеріктің орбиталық қозғалысы мен бағдарлау-тұрақтандыру жүйесіне байланысты оқушылардың оқу-зерттеу дағдыларын жүйелі түрде дамытуға бағытталған материалдар қарастырылған.

Ұсынылған тұжырымдар мұғалімнің педагогикалық бақылауы мен орындалған тапсырмаларды сапалық талдауға негізделеді. Сондықтан олар бағдарламаның тиімділігі туралы түпкілікті сандық дәлел емес, апробацияның сипаттамалық нәтижелері ретінде беріледі.

Сапалық бақылау нәтижелері жобалық сипаттағы тапсырмалар оқушыларды теориялық білімді практикамен байланыстыруға, зерттеу мәселесін тұжырымдауға, модельдеу нәтижелерін салыстыруға және дәлелді қорытынды жасауға таратуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Мақалада оқу-зерттеу тапсырмалары арқылы орындалатын жобалық жұмысты физиканы оқытуда зерттеу дағдыларын дамытудың педагогикалық құралы ретінде қолданудың әдістемелік негіздері тұжырымдалған.

Жұмыс барысында алынған нәтижелер жобалық-зерттеу тапсырмалары оқушылардың зерттеу дағдыларының дамуына, сонымен қатар танымдық белсенділігіне, ғылыми ойлауын дамытуға оң әсер ететінін көрсетті.

Зерттеу нәтижелері жобалық сипаттағы тапсырмалар жүйесінің оқушылардың белсенділігін арттырып, теориялық білімді практикамен байланыстыруға және зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетеді. Мақалада оқу-зерттеу тапсырмалары арқылы орындалатын жобалық жұмысты физиканы оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудың педагогикалық құралы ретінде қолданудың әдістемелік негіздері тұжырымдалған

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles