ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ УНИВЕРСАЛДЫ ОҚЫТУ ДИЗАЙНЫНЫҢ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.034Кілт сөздер:
универсалды оқыту дизайны, тілдік білім, библиометриялық талдау, негізгі тақырыптар, негізгі ұйымдар, елдер, авторлар, білім картасыАннотация
Шет тілдерін үйрену бұрын-соңды болмаған жаһанданған әлемде жаңа мағынаға ие болды. Тілді үйренудің әртүрлі мақсаттары мен мотивтері бар және бұл қиындай түсуде, өйткені әрбір студент бірегей және өзіндік оқу стилі мен қажеттіліктері бар. Универсалды оқыту дизайны (УОД) – бұл әртүрлілікті саралау және инклюзивті білім беру тәжірибелері арқылы тиімді қарастыратын инклюзивті жүйе. Батыс контекстінде УОД-ны тілдік білімге енгізу бойынша зерттеулер болғанымен, қазіргі уақытта қазақстандық контексте зерттеулер жоқ. Сонымен қатар, УОД-ны тілдік біліммен байланыстыратын библиометриялық талдауда айтарлықтай алшақтық бар. Бұл зерттеуде Веб оф Сайенс базалық жинағынан — СССИ дерекқорынан 2015-2025 жылдар аралығында 4055 ғылыми мақаланы пайдалана отырып, шет тілдерін оқыту саласындағы библиометриялық талдауы жүргізілді. Нәтижелер негізгі зерттеу орталығы АҚШ пен Қытай болып табылатын, шет тілдерін оқытудың негізгі бағыттарын анықтады, сонымен қатар соңғы жылдары тілдік білім берудегі және УОД жаңа зерттеулердің өсу тенденциясын анықтады. Мақаланың құндылығы тілдік білім беру саласының қазіргі жай-күйін көрсететін ғылыми карталарды құруында. Бұл карталар негізгі авторларды, елдер мен ұйымдарды, сондай-ақ зерттеулердің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мақалада қазіргі зерттеу олқылықтары анықталып, болашақ ғылыми зерттеулер үшін өзіндік жол картасы ұсынылады. Практикалық маңыздылығы анықталған негізгі тақырыптардың шетел тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын әзірлеуге, инклюзивті шетел тілін оқыту саласындағы білім беру саясатын қалыптастыруға, сондай-ақ тілдерді оқытуда әмбебап оқыту дизайнының (UDL) қағидаттарын қолдануға ықпал ете алатындығында.





