БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛИНГВО-КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ИНТЕГРАТИВТІ КӘСІБИ МОДУЛЬ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.048Кілт сөздер:
лингво-кәсіби құзыреттілік, интегративті кәсіби модуль, болашақ шетел тілі мұғалімдері, кәсіби даярлау, цифрлық құралдар, жағдаяттарды модельдеу технологиялары, пәнаралық интеграция, цифрлық педагогикаАннотация
Мақалада болашақ шетел тілдері мұғалімдерінің лингво-кәсіби құзыреттілігін цифрлық құралдар мен жағдаяттарды модельдеу технологияларымен қолдау көрсетілген интегративті кәсіби модуль арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі цифрлық және мәдениетаралық білім беру ортасында тиімді жұмыс істей алатын мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптардың артуымен айқындалды. Лингво-кәсіби құзыреттілік лингвистикалық, әдістемелік, коммуникативтік, операционалдық-регулятивтік және аналитикалық-цифрлық компоненттерді біріктіретін көпөлшемді құрылым ретінде анықталады. Ұсынылған интегративті кәсіби модуль сыртқы және ішкі пәнаралық интеграцияға негізделген. Сыртқы интеграция кәсіби даярлық пәндерін және цифрлық білім беру технологияларын біріктіреді. Ішкі интеграция оқу мақсаттарын, мазмұнды, әркете түрлерін, құзыреттерді және педагогикалық техногияларды үйлестіреді. Жағдаяттарды модельдеу және цифрлық құралдар кәсіби оқыту жағдайларын модельдейтін практикаға бағытталған білім беру ортасын құру үшін қолданылады. 60 бакалавриат студентін қамтыған эксперименттік зерттеуде дәстүрлі оқыту интегративті модуль негізіндегі оқытумен салыстырылады. Нәтижелер эксперименнтік топта лингво-кәсіби құзыреттілікті қалыптасу деңгейінің айтарлықтай артқанын көрсетеді. Зерттере нәтижелері интегративті кәсіби модульдің болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби коммуникациясын, әдістемелік дайындығын, цифрлық құзыреттілігін және рефлексивтік қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін дәлелдейді. Зерттеу цифрлық құралдар мен жағдаяттарды модельдеу технологияларын ықпалдастыру лингво-кәсіби құзыреттілікті жүйелі қалыптастыру үшін тиімді жағдайлар жасайтынын және қазіргі шетел тілін оқыту жүйесінде қолдануға болатынын қорытындылайды.





