ПАРСЫ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Cадыкова Р. К. КазНацЖенПУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.020

Кілт сөздер:

Интернет, оқыту, шетел тілі, электронды оқулық, парсы тілі, заманауи, сайт, әдіс

Аннотация

Парсы тілі көптеген елдерде негізгі және екінші тіл ретінде оқытылады. Бірақ парсы тілін жаңа технологиялар негізінде оқыту әдістемесі  жайында ғылыми зерттеулер аз. Осыған орай, бұл мақала заманауи технологиялар негізінде парсы тілін оқыту әдістемесіне арналады.

Елімізде шетел тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту кең қарқын алып, білім берудің сапасын артыра түсті. Аталмыш мақалада парсы тілін жаңа технологиялар арқылы оқытудың тиімділігі,  парсы тіліндегі сайттарды дұрыс қолдана отырып студенттердің сөйлеу дағдылары, сөздік қоры жетілетіні, сол тілдегі айтылымдарды тыңдай отырып, төселетіні және парсы тілін үйрену үшін шетелде шыққан электронды оқулықтар  жайында мағлұмат беріледі.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен парсы тілін меңгертудің заманауи, тиімді жолдары айқындалып, нақты интернет ресурстары мен сайттардың тізімі беріледі, әрқайсысынан қандай нәтиже күтілетіні нақтыланады. Сабақ барысында және сабақтан тыс қолданылатын жаңа технологиялар өзіндік маңыздылыққа ие екені көрсетіледі. Дәстүрлі сабақтардан, жаңа технологияларды қолданып өткен сабақтардың айырмашылығы бар екеніне дәлелдер келтіріледі. Жаңа технологияларды пайдаланған сабақтарда студенттерде шетел тілін үйрену  көрсеткіші жоғары  болатыны  туралы айтылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-28

Жоба

Раздел

Статьи