ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ - ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАЛЫҚ САПАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.006Кілт сөздер:
жауапкершілік, әлеуметтік жауапкершілік, пәнаралық категория, кәсіби тұлғалық сапалар, іс-әрекет субъектісі, тұлға, қоғам, әлеуметтік белсенділікАннотация
Мақала педагогтың кәсіби тұлғалық сапасы ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің категориялық мәні мен мазмұнын ашуға бағытталған. Әлеуметтік жауапкершіліктің қазіргі уақыттағы көкейкестілігі мен бұл мәселенің пәнаралық сипаты оны әдістемелік тұрғыдан жан жақты қарастыруды қажет етеді. Бұл педагогтың өзінің кәсіби позициясы мен тұлғалық көзқарасын, өз құндылықтарын сақтай отырып уақыт өзгерістерін сезініп, жылдам бейімделе алуға және заманауи кәсіби талаптарға сәйкес қалыптасуға, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ықпал ететін әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселесін зерттеуге мүмкіндік береді.
Мақалада авторлар кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің катергориялық мәні мен мазмұнын ашу мақсатында зерттеудің пәнаралық тәсіліне сүйене отырып бұл катергорияның әлеуметтік педагогикадан басқа ғылым салаларындағы мағынасына салыстырмалы талдау жасайды. «Жауапкершілік» және «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының ара қатынасы мен айырмашылығына тоқталады. Бұл ретте әлеуметтік жауапкершілік мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерделей отырып, зерттеу жұмысын жалғастыруға негіз болатын бірқатар ғалымдардың тұжырымдамаларын бөліп қарастырады.
Сонымен қатар, авторлар әлеуметтік жауапкершілік мәселесінің кәсіби тұлғалық сапа ретінде педагогика саласында қарастырылуының жеткілікті емес екендігіне екпін жасайды.
Теориялық талдау жұмысының нәтижесінде кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселесін зерттеу жұмысын жалғастыруға, оның құрылымдық критерилері мен қалыптасу деңгейлерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық негіздер ұсынылады.