ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫПТЫ ИНСТИТУТТАНДЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.016Кілт сөздер:
педагогикалық сынып, институттандыру, теріс іріктеу, кәсіпалды педагогикалық дайындық, білім беру ортасы, Қазақстанның педагогикалық білім беруі, педагогикалық дарындылық, педагогикалық сынамалар, педагог даярлау, педагогтың құндылықтарыАннотация
Мақалада Қазақстан Республикасында бейінді педагогикалық сыныпты институттандыру педагог мамандығына теріс іріктеу құбылысына жауап ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – халықаралық тәжірибені типологиялау және салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде бейінді педагогикалық сыныпты институттандыру моделін негіздеу. Зерттеу әдіснамасы сегіз елдің тәжірибесін типологиялауды, бес институционалдық тәсілді Қазақстан жағдайында қолданудың төрт өлшемі бойынша бағалауды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасын талдауды қамтиды. Теріс іріктеу құбылысына институционалдық жауаптың бес түрі анықталды: педагогикалық жоғары оқу орындарына қатаң іріктеу, кәсіпалды педагогикалық даярлық, материалдық қолдау шаралары, мамандыққа кірудің баламалы жолдары және мемлекеттік қызметші мәртебесі. Салыстыру нәтижелері кәсіпалды педагогикалық даярлықтың педагогикалық сынып нысанында Қазақстан жағдайында ең қолданбалы институционалдық тәсіл болып табылатынын көрсетті. Салыстырмалы-құқықтық талдау Қазақстанда педагогикалық сыныптың академиялық институттануы қалыптасқанын, ал форматтың нормативтік-құқықтық бекітілуі әлі де аяқталмағанын көрсетті. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша педагогикалық сыныпты одан әрі институттандырудың басым бағыттары айқындалды: әдістемелік ұсынымдар мен үлгілік ережені әзірлеу, педагог-куратордың мәртебесі мен функцияларын нормативтік тұрғыдан бекіту, педагогикалық сынып түлектеріне арналған преференциялар жүйесін қалыптастыру және тиімділік мониторингін жүргізу. Бейінді педагогикалық сыныпты институттандыру моделі негізделді, оның мазмұндық негізі алты белгімен сипатталатын құндылықтық-бейіндеуші білім беру ортасы ұғымы арқылы ашылады: құндылықтық-мағыналық доминанта, педагогикалық сынама, білім беру ортасына ену, педагогикалық дарындылықты диагностикалау, стейкхолдерлер экожүйесі және педагогикалық білім берудің үздіксіздігі. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған модельді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің педагогикалық сыныпты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын, бейінді педагогикалық сынып туралы үлгілік ережені әзірлеуде және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы арқылы педагогикалық сыныптағы педагог-куратордың штат бірлігін негіздеуде қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – қазақстандық контексте құндылықтық-бейіндеуші білім беру ортасы ұғымын енгізу және педагогикалық сынып институтының алты мазмұндық белгілерін анықтау.





