МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ МАЗМҰНЫ

Автор(лар)

  • Баялина А.М. НАО "Кокшетауский университет имени Ш. Уалиханова""
  • Ивайло С.
  • Турткараева Г.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.008

Кілт сөздер:

зерттеу құзыреттілігі, құзыреттілік, зерттеу құзыреттер, аксиологиялық, аналитикалық әдіснамалық және логикалық құзыреттер, аналитикалық, әдіснамалық, құзыреттілік тәсіл

Аннотация

Мақалада математика мұғалімінің оқушыларды зерттеу қызметіне дайындаудың мәселелері қарастырылады. Студенттердің сауалнамасы, жұмыс берушілердің сауалы педагогикалық мамандықтардың білім алушылары мен түлектерінің зерттеу құзыреттіліктерінің қалыптасуының төмен деңгейін көрсетеді. Ол болашақ мұғалімдердің зерттеу құзіреттілігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігін айқындайды.

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау барысы білім берудегі құзыреттілік мәселелерін зерттейтін зерттеушілердің осы ұғымдардың мазмұнын анықтауда түрлі көзқараста екендігін көрсетті.

Мақалада "құзыреттілік", "педагогикалық құзыреттілік", "зерттеу құзыреттілігі" ұғымдарының әртүрлі түсіндірмелері берілген.

Жұмыс тәжірибесін зерттеу және жалпылау студенттердің зерттеу құзіреттіліктерін көптеген оқу пәндерін оқу кезінде алатындығын көрсетеді, алайда болашақ математика мұғалімінің университетте алған математикалық білім мазмұны зерттеу құзіреттілігін қалыптастырудың жүйелік факторы болып табылады.

Болашақ мұғалім болатын студенттің зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру, ең алдымен, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырумен байланысты. «Ғылыми-зерттеу қызметі» категориясы «зерттеу құзыреттілігі» ұғымының негізінде жатыр. Математика мұғалімінің зерттеу құзіреттілігін біз маңызды кәсіби сапа ретінде, педагогикалық құзіреттіліктің ажырамас бөлігі ретінде, зерттеу, танымдық, әдістемелік және аналитикалық қызметке саналы түрде ұмтылыста көрінетін мұғалімнің жеке басының жан-жақты сипаттамасы ретінде анықтаймыз.

Мақаланың мақсаты-мұғалімнің зерттеу құзіреттілігінің мазмұнын анықтау. Математика мұғалімінің зерттеу құзіреттілігінің құрамдас бөліктері: аксиологиялық, әдіснамалық, аналитикалық, логикалық математикалық үдеріс және қатысымдық құзіреттіліктер жиынтығы.

Мақалада университеттегі оқу кезінде студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың кейбір түрлерін дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану мысалдары келтірілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-28

Жоба

Раздел

Статьи