ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША МАЙНОР БАҒДАРЛАМАСЫ – АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТУ НЕМЕСЕ ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ АЛУ МҮМКІНДІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.021Кілт сөздер:
майнор, шетел тілі салалық білім, кәсіби және салалық мәдениетаралық қарым-қатынас, қосымша мамандық, шеттілдік қарым-қатынас, еңбек функциялары, когнитивтік-лингвомәдени кешендер, коммуникативті жағдаятАннотация
Бұл мақалада «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығының білім беру бағдарламасында Майнор бағдарламасының жүзеге асырылуы сипатталған. Бұл бағдарламаның артықшылығы – қосымша мамандық алу мүмкіндігі, сонымен қатар адамның ой-өрісін кеңейту. Шетел тілдері факультеті студенттерінің оқу процесіне «Кәсіби және салалық мәдениетаралық коммуникация (жаратылыстану, экономикалық, гуманитарлық)» майнорлық бағдарламасын енгізу осы үш бағыт бойынша бейіндік салалық шетел тілін дамытуға ықпал етті. Осы үш бағыттың әрқайсысында еңбек функциялары айқындалып, соған сәйкес мазмұны жасалып, курс бағдарламасы бағдарланды. Әрбір таңдалған салада өзекті тақырыптар мен тақырыпшалар анықталды, коммуникативті сөйлеу регистрі жасалды, коммуникативті жағдаяттар, мәтіндік және аудиовизуалды материал таңдалды. Қазіргі уақытта белгілі бір қызмет саласында шетел тілін кәсіби білімі бар мамандарға үлкен қажеттілік бар, яғни, шетел тілінде салалық білім беру мамандарын даярлау мәселесі өзекті болып табылады және осы мақалада келтірілген профильдер қазіргі заманғы отандық еңбек нарығында ең танымал болып табылады. Білім беру саласын дамытудың заманауи тенденциялары мектептен бастап барлық деңгейдегі халықаралық өзара іс-қимыл мен бірлескен жобаларды қамтиды. Сондықтан қазіргі уақытта кең профильді мамандар, бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану-гуманитарлық салалар шеңберінде шеттілдік білімінің пәндік-процессуалдық мазмұнын модельдеу саласында құзыретті мұғалімдер қажет, кінші жағынан, сыртқы өзара әрекеттесу саласындағы аналитиктер қажет. Осылайша, болашақ мектептің шетел тілі мұғалімдерін мектеп пен қоғамның заманауи талаптарына сай ету үшін қосымша мамандық алу және ішкі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін жоғары оқу орнында осындай қосалқы курсты ұйымдастыру қажет.