ЖАСАНДЫ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛУ ЖАҒДАЙЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.018%20Кілт сөздер:
жасанды нейрондық желілер, python, фреймворктар, жасанды интеллект, информатика, білім беру, жаңартылған білім мазмұны, информатика педагогтарыАннотация
Жасанды нейрондық желілер бағыты ғылымның математика, физика, химия сияқты ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан бағыттарынан салыстырмалы түрде өте жас екені мәлім. Ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамзат тарапынан түрлі интеллектуалдық бағдарламаларға деген сұраныс та артып жатыр. Бізді қоршаған қоғамның барлық саласы жасанды нейрондық желілерді қолдануға көшуде. Жасанды интеллектінің интернет желісінде бізді қызықтыратын жарнамаларды іріктеу, бет-әлпетті тану, дауысты тану, смартфонда саусақ іздерін тану, диагноз қою, мәтінге аударма жасау сияқты қызметтері күнделікті қолданысқа енді. Жасанды нейрондық желілер бағыты білім мазмұнын жаңарту негізінде еліміздің жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасына кіріктіріліп, 10-11 сыныптарда оқу үдерісінде де қолданысқа енді.
Сол себепті, мақалада нейрондық желілердің пайда болу тарихы, қазіргі жағдайы, білім беруде қолдану өзектілігі негізделеді. Сонымен қатар, бұл мақалада нейрондық желілерді даму кезеңдері мен перспективалары қарастырылады. Нейрондық желілердің даму мүмкіндіктерін зерттеу үшін ғылыми дереккөздерге талдау жасалады. Бүгінгі таңда нейрондық желілер ғылым мен техниканың көптеген салаларында қолданылуы және білім беру саласындағы әлеуеті қарастылады.
Информатика бағыты тез дамып, жыл сайын өзгерістер енгізілетіндіктен, мамандар үнемі ізденіс үстінде болуы заңдылық. Жоғарғы оқу орнында дайындалатын мамандар мектеп қажеттілігін қанағаттандыратындай болуы үшін олардың білім беру бағдарламаларына да сәйкесінше өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылуы керек. Сол себепті, мектеп бағдарламасының толықтырылуына байланысты «Информатика» пәнінен сабақ беруші мұғалімдердің жасанды нейрондық желілер бағыты бойынша пәндік білімге қатысты қажеттіліктері анықталады. Бұл қажеттіліктер жоғарғы оқу орнындағы болашақ мамандарды дайындауда ескерілетін ақпарат болғандықтан, болашақ информатика педагогтарын дайындауда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базаларында эксперимент түрінде жүргізілуде. Бұл ретте, болашақ информатика педагогтары жасанды нейрондық желілер құру және жүзеге асыру бағытында машықтанатын болады.