ШЕТ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ТАЛДАУ: КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • Герфанова Э.Ф. Astana IT University
  • Шаяхметова Д.Б.
  • Немчинова Е.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.005

Кілт сөздер:

оқулық, оқулық талдауы, шет тілін оқыту, мәдениетаралық құзыреттілік, мәдениетаралық коммуникация, когнитивтік тәсіл, лингвомәдениет тәсіл, құрылым

Аннотация

Оқулық оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі және негізгі дидактикалық құралы ретінде бүкіл оқу үдерісінің мазмұнын анықтайды. Білім сапасы оқулықтардың мазмұнына тікелей байланысты болғандықтан оқулықты дұрыс таңдау өте маңызды. Соңғы кездері ғалымдардың, мұғалімдердің, әдіскерлердің жалпы оқулықтарды, оның ішінде шет тілі оқулықтарын жасауға деген қызығушылықтары артып отыр. Бұл, ең алдымен, оқулықтың жаңа ұрпақ бойына сіңіретін оқу материалы деңгейіндегі әлеуметтік тәжірибенің сақтаушысы екендігімен байланысты. Шетел тілі бойынша заманауи оқулық студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталуы керек, ал бұл болса қазіргі шет тілін оқытудың басты мақсаты – мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға сәйкес келеді. Мәдениетаралық құзыреттілік – басқа мәдениет өкілдерімен сәтті және адекватты өзара әрекеттесу үшін қажетті қабілеттердің жиынтығы.

Мақалада шет тілдерін оқытудағы когнитивтік және лингвомәдени тәсілдер қағидаларын жүзеге асыру тұрғысынан шет тілі оқулықтарын талдау құрылымы берілген. Когнитивтік және лингвомәдени тәсілдердің бірлігі студенттерге әртүрлі лингвистикалық мәдениет өкілдерінің сана бейнелеріндегі айырмашылықтар туралы түсінік береді, олардың ұлттық қауымдастығының тілі мен мәдениетінің ерекшеліктерін тануға ықпал етеді, бұл мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары дамуының тиімділігін қамтамасыз етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-28

Жоба

Раздел

Статьи