БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Ниязова Г.Ж. МКТУ имени Х.А.Ясави
  • Беркимбаев K. M.
  • Бураева Ж.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.003

Кілт сөздер:

ақпараттандыру, цифрландыру, нормативтік-құқықтық құжаттар, білім беру, оқыту, цифрлық технологиялар, білім алушының өзіндік жұмысы, чат-бот, SAMR моделі, оқыту нәтижелері

Аннотация

Компьютерлердің даму тарихы мен жаппай компьютерлендіру үдерісінен бастау алып, Индустрия 4.0 жағдайында ғылыми ұғым ретінде іргелі зерттеулер мен көпжақты талқылаулардың өзегі болған цифрландырудың негізін интернеттің жылдам дамуы мен мобильді коммуникация мүмкіндіктері құрайды. Білім берудегі өзара әрекеттесу платформалары сияқты жаңа құралдар мен цифрлық технологиялар білім беру ұйымдарына ішкі процестерді автоматтандыруға, күнделікті тапсырмаларды жеңілдетуге және білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы байланысты жақсартуға көмектеседі. Бұл өзгерістер барлық субъектілердің мінез-құлқы мен күнделікті қызметін өзгеріске ұшыратады. Сонымен қатар бұл оқытушыларға күнделікті құжаттарды дайындауға және басқаруға емес, тек білім алушыларға назар аударуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, білімнің кез-келген уақытта кез-келген жерде қолжетімділігін қамсыздандырудың тиімді оқыту технологияларын іске асырады. Бұл оқыту технологияларын түбегейлі жаңа деп айтуға болмайды, дәстүрлі оқыту технологияларының заманауи цифрлық технологиялардың педагогикалық әлеуеті арқылы жетілдірілуі әрі жаңара толығуы деп тұжырымдауға болады. Мақалада Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мен ақпараттандыру, ақпараттық теңсіздікті жою және цифрландыру бойынша қабылданған құқықтық-нормативтік құжаттар туралы, цифрлық білім берудің маңыздылығы бағытында теориялық зерттеулер мазмұндалған. Білім берудің цифрлық трансформациясы дәстүрлі ғылыми пәндік саланың цифрлық технологияларға бағытталған жаңа салаларының зерттелуі мен пайда болуына әкелді әрі оқытудың әдістемелік жүйесі компоненттерінің дамуы мен жетілдірілуіне ықпал етті. SAMR моделін қолдана отырып, цифрлық технологияның оқытуға әсері сипатталды. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жетілдіру мен оқытуда чат-бот қызметін пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктері туралы тәжірибелеріміз көрсетілді. Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (грант № AP09259047).

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-28

Жоба

Раздел

Статьи