КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.022Кілт сөздер:
кәсіби бағытталған шетел тілі, тілдік емес мамандық, коммуникативтік құзіреттілік, лингвокәсіби құзыреттілік, модульдік оқыту, пәнаралық байланыс, терминология, оқу бағдарламасыАннотация
Бұл мақалада біз Қазақстан жоғары оқу орындарында тілдік емес мамандық студенттеріне кәсіби бағытталған шетел тілін оқытудың ерекшеліктерін, тиімді тұстары мен оқыту үдерісінде қолдануға ұсынылатын әдіс-тәсілдерді қарастырамыз. Зерттеу жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңда шетел тілін кәсіби негізде оқыту Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің басым бағыттардың бірі ретінде танылып отыр. Демек, жоғары оқу орнының басты мақсаты – маман даярлау барысында, оған кәсіби міндеттерді орындауға, халықаралық ынтымақтастықты тиімді жүзеге асыруға қажетті білім, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың жасаған тұжырымдамаларына, сонымен қатар Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына және жұмыс берушілердің қызметкерлерге қоятын талаптарына сәйкес кәсіби бағытта шетел тілін оқытуда тек лексикалық және грамматикалық тілдік құрылымдармен немесе мәдениетаралық біліммен шектеліп қалмай, оларға алған құзіреттіліктерін кез келген жағдайда пайдалана отырып, қарым-қатынас мақсаттарына жетуге мүмкіндік беру керек. Аталмыш мақаланың мақсаты - пәнді оқыту барысында қалыптасатын коммуникативтік құзыреттіліктің компоненттерін қарастыра келе, лингвокәсіби құзыреттіліктің маңыздылығын айқындап, оны дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар жасау болып табылады. Сондай-ақ, әдіскер ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымына анықтама беру. Лингвокәсіби құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған модульді оқытудың маңыздылығын және кәсіби баытталған шетел тілін оқытуда пәнаралық байланыстың тиімділігін қарастырамыз. Шетел тілін кәсіби бағытта оқыту қарым-қатынас жағдайына байланысты төрт тілдік дағдыларды (тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым) пайдалана отырып, қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, біз бұл мақалада жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарында кәсіби бағытталған француз тілін оқытуда қиындықтар тудыратын негізгі факторларға тоқталамыз.