ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ МЕН СПОРТТЫҚ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.025Кілт сөздер:
ұлттық спорт, ат спорты, ұлттық ойындар, көнерген сөздер, ұлттық мәдениет, көкпар, бәйге, жамбы ату, ләңгі, шөген, шатрантаж, шатрашАннотация
Бұл мақалада қазақтың ұлттық ойындары ортақ ерекшеліктеріне қарай жүйеленіп, шағын түсіндірмелер берілген. “Қолдану аясы шектеулі сөз топтарына” жататын ойын атауларына, жеңіл лексикалық талдау жасалған. Ұлттық ойындардың артықшылығы мен пайдасына айрықша тоқталып, заманауи білім беру мазмұнына сай қолданылу сөз болады.
Сондай-ақ «ұлттық ойындардың» алғаш зерттеліп жинақталуы мен ғылымға енгізілуі, ойын арқылы педагогикалық, психологиялық, дене тәрбиесіне байланысты мәселелерді қозғаған ғалымдар еңбегі көрсетіледі. Ат жарыс, бәйге, көкпар, жамбы ату, ләңгі, шөген, шатрантаж, шатраш ойындарының шығу тарихына, этимологиясына, ойналу ерекшеліктеріне, зерттелу тарихына талдау жасалады.
Мақалада ұлттық ойындардың шығу тарихына ғана талдау жасалып қоймай, осы ойын түрлерін заман ағымына қарай өзгертіп, түрлендіріп, архаизмдерімізді қолданысқа қайта енгізу жолдары ұсынылады. Осы ойындарда қолданылатын кей элементтерді өндіріп, бизнес саласына жаңалықтар әкелу, өзге елдің идеологиялық ықпалынан ада, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу жөнінде сөз қозғалады. «Вигвам» секілді жаңа шығып жатқан сапасыз үйшіктердің орнына, шағын қазақ үйлерді сатылымға миллиондап шығарып, экологиялық таза, сапалы материалдардан өзге де ойыншық түрлерін жасау, оқу орталықтарында ұлттық ойындарды барынша тереңірек насихаттау ұсынылады.
Жұмыстың ғылымилығы – этимологиялық сөздерді талдау, тәжірибелік маңызы – білім беру мекемелерінде дене және ақыл-ой тәрбиесі ретінде пайдалануды ұсыну, қосымша ұсыныс – этномәдениетті дамытуға арналған түрлі жастар ұйымын құруға кеңес беру.
Зерттеу әдіснамасы: анықтамалық, түсіндірмелік, жүйелеу, жаңаша бағыттау және ұсыныс айтудан тұрады. Әзірге талдау, зерттеу жұмыстарының қорытындылары ретінде мультимедиялық сабақтар мен әр ойынды терең зерттеген, шәкірттерге арналған дәрістерімді айта аламын. Зерттеу – спорт саласының дамуына аз да болса үлес қосады деген ойдамын. Тәжірибелік мәні: ұлт денсаулығының жақсаруына, дене, ақыл-ой тәрбиесінің дамуына зор үлес қосу.