ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.016Кілт сөздер:
цифрландыру, шет тілін оқыту, мәдениетаралық құзыреттілік, коммуникация, эксперимент, жаңа технологиялар., болашақ шетел тілі мұғалімі, цифрлық құзыреттілік.Аннотация
Бұл мақалада біз мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы құзыретті меңгеру,білім алушыға қажетті білім, дағдыларды, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас саласында оларды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін құзыреттер жиынтығы ретінде қарастырамыз. Заманауи талаптарды ескере отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыру мақсатында,соңғы жылдары цифрлы оқу материалдарын қолдану арқылы шеттілі, қызықты және тиімді бола бастады. Бұл зерттеу цифрлық оқу материалдарын осы салада қолдануды насихаттау және мұғалімдерге цифрлық материалды дамытуға көмектесу мақсатында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын цифрлық өзіндік жұмыс материалдарын әзірлеу платформасын жасауға бағытталған. Мазмұны, құрылымы, оқупроцесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізудегі сапалы өзгерістер білімберудің қазіргі даму кезеңін сипаттайды. Ақпараттандырудың қазіргі заманғы жағдайында сандық және мультимедиялық технологияларды тарту арқылы көбейтуге немесе пайдалануға болатын электронды түрдегі білім беру мазмұнын қоса, білім беру процесін заманауи ресурстармен толықтыру қажет. Сандық білім беру мазмұны - графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөйлеу, музыка, бейне және қазіргі білім берудің мақсаттарымен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған басқа ақпараттарды қамтитын ақпарат көзі.Жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту контекстінде шет тілі болашақ маманның шет тілдеріне кәсіби бағдарын қалыптастыру құралы ретінде қарастырылған. ЖОО түлектерінің педагогикалық даярлығын күшейту тенденциялары шет тілі мұғалімін даярлаудың жаңа сапасын талап етеді.