СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ «МЕН» БЕЙНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА ӨЗ-ӨЗІНЕ ДЕГЕН ҚАТЫНАСЫНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.65.2.012Кілт сөздер:
өзіндік қарым-қатынас, бакалавриат студенттері, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамыту, «өзін-өзі бейнелеу», позитивті өзіндік қарым-қатынас, өзіндік сана, тұлғалық, тұлғалық өсуАннотация
Қазіргі әлемдегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер адамнан жаһандық өзгерістерге сай өзін-өзі жетілдіруге дайын болуды талап етеді. Адамның әлеуметтік субъект ретіндегі белсенділігі осы процесте адамның өзіндік қарым-қатынасын қоса қамтиды. Өзіне деген оң көзқарасы бар адамдар өздерінің ішкі проблемаларына азырақ бейім, психосоматикалық бұзылулардан әлдеқайда аз зардап шегеді. Позитивті көзқарас пен өзіне деген сенімділік мұғалімдерге қиын және стресстік жағдайларды жеңуге көмектеседі және оқу процесін тиімді етеді. Осы себепті, жоғары білім беру жүйесі болашақ мамандарда кәсіби дайындықпен қатар, кәсіби өзін-өзі дамыту білігі мен дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаларды қамтуы керек, олардың жетістігі көптеген жағдайларға, соның ішінде адамның өзіне деген көзқарасына байланысты.
Соңғы зерттеулер адамның өз-өзіне деген қатынасы мен жұмыстағы сәттілік арасындағы байланысты көрсетеді, сонымен қатар өзін-өзі бағалау мен кәсіби күйзеліс арасында параллель жүргізеді.
Мақалада «өзіндік қарым-қатынас» ұғымының тарихи дамуы сараланып, 1-2 курс студенттерінің өзіндік қарым-қатынасын анықтау, кәсіби өзіндік тұжырымдамасының мәселесі қарастырылған. Кәсіби өзіндік тұжырымдаманы зерттеудің негізгі тәсілдері талданды. Жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби өзіндік тұжырымдамасын қалыптастыру ерекшеліктерін көрсететін эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Студенттерінің кәсіби өзіндік тұжырымдамасының факторлық құрылымы анықталды, бұл кәсіби дайындық кезеңінде оның дамуына ықпал ететін жеке қасиеттердің интеграциялық көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.