ОҚУ ПРАКТИКАСЫ - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Автор(лар)

  • Токтагулова У.С. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Карменова Н.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.006

Кілт сөздер:

білім беру, оқу үдерісі, оқу практикасы, оқу іс-әрекеті, оқытудың практикаға-бағдарланған тәсілі, теория мен практиканың байланысы, болашақ мұғалімдердің практикалық даярлығы, білім алушының тұлғалық қабілеті, кәсіби құзыреттіліктер

Аннотация

Білім берудегі теория мен практиканың өзара байланысы  ХХ ғасырдың 80 жылдарының ортасында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты туындап, педагогика саласының маңызды ұстанымдардың біріне айналып, бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды.

Теория мен практиканың өзара байланысы тұжырымдарын педагог ғалымдар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевскийдің дидактикалық мектептері білім берудегі құзыреттілікке жақын, яғни, білім алушылардың шығармашылық іс-əрекеттері идеяларын ұсынған. Бұл идея бүгінгі күнгі білім берудегі құзыреттілік тəсілге негіз болып, оқу практикалары арқылы жүзеге асырылуда. Құзыреттілік тәсілдің білім, білік дағдылардан айырықша ерекшелігі олар білім берудің нəтижесі ретінде іс-əрекет арқылы көрініс табады. Оқу практикасында білім алушылар теориялық білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар, олар кәсіби міндеттерін сапалы түрде орындау үшін бағдарлама материалдарын оқып-үйренуді ұйымдастыру тəсілдеріне бара-бар іс-əрекетті меңгеру және оны жүзеге асыру негізінде білім беру жағдаяттарын біртұтас модельдей алады. Бұл өз кезегінде білім алушыларды алған білімдерін өздігінен шығармашылықпен қолдануға үйретеді.

ЖОО-ғы заманауи оқу үдерісінде оқу практикасы педагогикалық үрдістің біртұтас бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы географиядан оқу практикасы - білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу практикасы оқыту үдерісінде теория мен практиканы байланыстыра отырып, іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өйткені, практикамен бекітілмеген немесе дәлелденбеген теория кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, өзінің негізгі мән-мағынасын жоғалтатыны мәлім, ал теориялық негіздемесі жоқ практиканың тиімді әрі мақсаттқа бағытталған болуы да мүмкін емес. Оқу практикасынан өту кезінде білім алушы мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды, өйткені, оның кәсіби әрекеті практика барысында жетіледі. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында оқытудың практикаға-бағдарланған тәсілін жүзеге асыру арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қойылып отыр. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке практикалық дайындығы оқу-тәрбие жұмысы үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Мақалада географиядан оқу практикасы арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру іс-әрекеттік тұрғысынан талқыланады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-29

Жоба

Раздел

Статьи