А1 ДЕҢГЕЙДЕГІ ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ МОДЕЛЬДЕУДЕГІ СИТУАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

Автор(лар)

  • Қалқаева А.Б. КазНУ им.аль-Фараби

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.010

Кілт сөздер:

тілді жағдаяттық оқыту, жағдаяттық оқыту технологисы, кәсіби-бағытталаған ағылшын тілі, шет тілін оқыту, тапсырмаға негізделген оқыту, техникалық студенттерге арналған ағылшын тілі, кәсіби-бағдарланған жағдаяттар, оқытудағы ситуациялық тәсіл

Аннотация

Қазақстан Республикасындағы шет тілін оқытудың қазіргі заманғы парадигмасы әдістемелік негіз ретінде студентке бағытталған және құзыреттілікке негізделген тәсілдерді бекітеді. Бұл тілді оқытудың әртұрлі коммуникативті әдістерін, соның ішінде ситуациялық технологияны қолданудың үлкен қажеттілігін тудырады. Бұл мақала техникалық мамандық студенттерінің өздік жұмысына кәсіби-бағдарланған тапсырмалар аясында «Бастауыш ағылшын тілі» («Elementary English», A1) деңгейінде шет тілін оқытудың жағдаяттық технологиясын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Алдымен тілді жағдаяттық оқыту тәсілі тақырыбы бойынша жарияланған әдебиеттерге щолу жасалып, талдау жасалды. Одан кейін қойылған мақсатқа жету үшін Satbayev University бакалавриат студенттеріне модельдеу әдісін қолдану арқылы кәсіби бағытталған тапсырма әзірленді. Сонымен қатар, осы тапсырма бойынша оқытушылар мен студенттердің пікірлерін жинау үшін  екі онлайн сауалнама әзірленіп, таратылды. Сауалнама нәтижелері бойынша кәсіптік бағдарланған ситуациялық СӨЖ-ның күшті және әлсіз жақтарын анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында терең талдау жүргізілді. Нәтижесінде талдау тілді жағдаяттық оқыту технологиясы студенттердің болашақ мамандығына бағыт-бағдар беріп кәсіби сөздік қорын молайтуда айтарлықтай тиімді екенін көрсетті. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмаларды бұрын үйренген жалпы тіл мен грамматикасын кәсіби контекстте дұрыс қолдануды қамтамасыз ететіндей етіп құрастыруға болады. Сондықтан кәсіби бағдарланған ситуациялық тапсырмаларды мәдениетаралық кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде таныған жөн.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-29

Жоба

Раздел

Статьи