ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ШЕТТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.006Кілт сөздер:
медиа-құзіреттілік, шет тілінің коммуникативтік құзыреттілігі,, тұлғалық-белсенділік тәсілі, кәсіби-бағдарлы іс-әрекет, тұлғалық-бағдарлы білім беру, құзіреттілік-бағдарлы көзқарас, құзыреттілік құрамдас бөлігі, журналист студенттер.Аннотация
Басқа мамандықтар сияқты журналист мамандығының да өзіндік ерекшелігі бар. Журналист ақпараттың, мәліметтің ерекше түрімен жұмыс істеп, оны өңдеп, жаңа ақпараттық өнімге айналдырады. Ана тілінде және шет тілдерінде ақпаратты қабылдау және шығару зерттеудің негізгі нысаны мен мақсаты болған шетел тілінің құзыреттілігін дамытуды талап етеді. Шетел тіліндегі қарым-қатынас – риторика және қарым-қатынас этикасы заңдылықтарына негізделеді. Сонымен қатар бұл бағыттың маманынан тілдік қарым-қатынасқа түсе білу, сауатты жазылған мәтін – баяндама, мақала, реферат, іскерлік корреспонденция жаза білу, презентациялар мен пресс-конференциялар кезінде сұрақтарды дұрыс құрастыра білу, сұхбат барысында диалог жүргізе білу сияқты журналистердің кәсіби қызметінің бөлігі ретінде есептелетін қабілеттерге ие болу талап етіледі. Журналисттің кәсіби қызметінде атқаратын қызметі оның иеленетін құзыретіне тікелей байланысты және ол кәсіби медиа оқыту процесінде, кәсіби қызметте қалыптасуы тиіс. Тиісті құзыреттерді меңгеру туралы айтқанда, оларды негіздеу жолдарын анықтаған жөн. Мақалада құзіреттілікті қалыптастыру бағытында қалыптасқан теорияларға және осы тұжырымдаманың құрамдас бөліктеріне қысқаша аналитикалық талдауы берілген.
Жұмыста жүргізілген ғылыми-теориялық талдау құзыреттілік-бағдарлы, тұлғалық-бағдарлы және коммуникативті-танымдық тәсілдерге сәйкес журналистика мамандығы бойынша университетте білім алып жатқан студент-журналисттердің БАҚ және шет тілінің коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың мүмкін жолдарын анықтауға мүмкіндік берді .
Журналистика мамандығы бойынша сипатталатын құзыреттіліктер түрі сан алуан. Сол құзыреттіліктерге талдау жасап, мақала авторының жүргізген зерттеуі нәтижесінде мақалада қазіргі журналистің негізгі қызметтеріне тоқталып, соған сәйкес жас мамандарды даярлау жүйесіндегі кәсіби-бағдарлы құзыреттілік орны айқындалды.