ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ ЭМОТИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ РӨЛІ: ЭМОТИВТІ-КОГНИТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК

Автор(лар)

  • Оспанова Д. Ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Сағидолда Г.
  • Новрузова Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.016%20

Кілт сөздер:

эмоция, эмотивті сөздер, қазақ тілі шет тілі ретінде, әдістеме, түркі тілдері, эмотивті-когнитивті құзыреттілік, лексика, тіл үйрету

Аннотация

Күнделікті өмірде, тілдік қатынас кезінде эмоцияны білдіру үшін жиі қолданылатын тіл элементтерін дұрыс меңгеру нәтижеге жетуде маңызды рөл атқарады. Одағай, фразеологиялық тіркестер, қаратпа сөз, қос сөздер сынды эмоцияны айшықтайтын элементтер мен контекстегі эмотивтер тілдің, ұлт мәдениетін бейнелей отырып, айтылымға белгілі күш қосады, қатынасқа жанды әсер береді. Осындай элементтерді өзге тіл өкілдерінің үйрене алмауы айтушының мақсатты ойын түсінікті жеткізуде қиындықтар тудырады. Осыған орай, тілдік қарым-қатынас кезінде тіл үйренушінің эмоциялық күйге сай сөз немесе сөз топтарын қолдану арқылы кімге қалай әсер ететіндігінің маңызы ортаға шығады. Осы бағытта жазылған зерттеулер мен тіл үйретуге арналған құралдарды саралау барысында тілді үйретуде психологиялық көзқарастардың, тіл үйренушінің эмоционалды қабылдау ерекшеліктерін, әр тілдің эмотивті реңін тіл үйретуге ұтымды пайдаланудың тиімділігін байқадық. Тәжірибе алу мақсатында тіл үйрету құралдарын құрастыруда көбіне негізге алынып жүрген әрі өз жүйесі жағынан үлгіге айналған тұратын орыс, ағылшын тілдерінің ғана емес, қазірде әлем бойынша көп басымдық беріліп жатқан түрік тілін үйрету құралдарына мән берілді. Яғни зерттеу нысанымызға түрік тілінің дәріс кітаптары мен қазақ тілін үйретуге арналған құралдар алынды. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты да эмоцияның, эмотивті лексиканың тілді шет тілі ретінде үйретуде атқарар рөлін анықтап, оның теориялық мәнін ашу, сөздердің эмотивті әлеуетін, эмоционалды интеллектінің рөлін көрсету болып табылады. Ол үшін тіл үйретуге арналған құралдардағы эмотивтерді  топтастыра отырып, қолданыс жиілігі, екі тіл арасындағы ұқсастықтар, деңгейаралық байланыстар, лексикалық сипатын анықтау қажет деп санадық. Сол арқылы қазақ тілін үйретудің де өзге тілдер практикасы бойынша тез әрі оңай қабылданатын жолдары мен эмотивтілікке мән берудің маңызы жөнінде тұжырымдар мен талдау  нәтижелеріне қол жеткізілді. Сондай-ақ эмоционалды зиятты қазіргі педагогтер мен тіл үйренушілердің бір компоненті ретінде қарастырып, жеке тұлғаның дамуында жетістіктердің тек оның өмір тәжірибесі, білімі, дағды-қабілеттеріне ғана емес, эмоционалды зият деңгейіне де тікелей байланысты екендігі дәлелденді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи