ОНЛАЙН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЖЕЛІЛІК ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.011Кілт сөздер:
білім беруді цифрландыру, желілік өзара әрекеттесу парадигмасы,, желілік құзыреттіліктер, онлайн оқыту, желілік өзара әрекеттесу, болашақ педагогтарды даярлау, қашықтықтан оқыту, оқытудағы цифрлық технологияларАннотация
Мақалада кәсіптік білім беруді цифрландырудың маңызды аспектілерінің бірі ретінде болашақ педагогтердің желілік өзара әрекеттесу мәселесі қарастырылған. Осы мәселеге сәйкес авторлар онлайн оқыту контекстіндегі ынтымақтастықтың әдістемелік үлгісі ретінде желілік өзара әрекеттесу парадигмасын ұсынады. Өзара әрекеттестік болашақ мұғалімдердің сапалық жағдайын өзгертуге бағытталған маңызды механизм болып табылады. Пандемия кезінде қашықтан оқыту тәжірибесі өзара әрекеттесу қажеттілігін көрсетті, өйткені әрбір қатысушы сапалық өзгерістерге әкелетін процесте өзін көрсетеді. Желілік технологияларды кеңінен енгізу логикалық болып табылады, бұл технологиялық даму заңдылықтарын ескере отырып, оқу үдерісін жекелендіруге қарай білім беру парадигмасын өзгертуді талап етеді.
Мониторингтік зерттеудің нәтижелері диагностикалық деректермен расталған пандемия кезінде университеттердегі желіні ұйымдастырудағы нүктелік проблемаларды көрсетеді. желіліки өзара әрекеттесу парадигмасы желідегі кәсіби педагогикалық ынтымақтастыққа ауысуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру болашақ мұғалімдерге бәсекеге қабілеттіліктің маңызды шарты ретінде желілік құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер арнайы виртуалды кеңістікте желілік коммуникацияны дәрістен бастап арнайы желідегі қоғамдастықтарды белсенді қатысу арқылы үйренеді.
Желілік өзара әрекеттесу үлгілері мен принциптеріне негізделген қашықтықтан оқытуды немесе онлайн режимінде оқытуды ұйымдастыру болашақ мұғалімнің цифрлық құзыреттілігін тиімді қалыптастырады.