ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТЫ ДАМЫТУ: АЙМАҚТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.005%20Кілт сөздер:
білім беру ресурсы, білім беру платформасы, жаппай ашық онлайн курс, сауалнама, университет студенттері, цифрлық құзыреттілік, білім беру мазмұны, асинхронды оқытуАннотация
Мақалада шет тілін оқытудың жаппай ашық онлайн курсын әзірлеу және енгізу қажеттілігі талқыланады. Зерттеудің мақсаты – білім беру ресурстарын пайдалану перспективаларын анықтау, сонымен қатар авторлар әзірлеген жаппай ашық онлайн курсты сипаттау. Жұмыста отандық және шетелдік педагогикалық тәжірибеде жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеу мен қолданудың теориялық негіздері талданады. Мақалада жаппай ашық онлайн курстардың негізгі ерекшеліктері мен түрлері, сондай-ақ коннективистік және конструктивистік тәсілдер көрсетілген. Жаппай ашық онлайн курсын әзірлемес бұрын Павлодар педагогикалық университетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 2-3 курсының 89 студенті арасында сауалнама жүргізілді. Мақала авторлары студенттердің оқу процесінде жаппай ашық онлайн курстарды пайдаланудағы қызығушылығын, ұмтылысын және дағдыларын диагностикалауды жүзеге асырды. Авторлық сауалнаманың сенімділігі мен ішкі сәйкестігін тексеру үшін Кронбахтың альфа коэффициенті қолданылды. Сауалнамада келісу дәрежесіне қарай Р.Лайкерт шкаласы қолданылды. Статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін SPSS Statistics бағдарламалық құралы пайдаланылды. Сауалнамаларды талдау студенттердің онлайн курсты пайдалана отырып материалды оқуға деген ұмтылысын көрсетті. Ұсынылған жұмыста авторлар келесі параметрлерді қарастырды: мазмұнына сәйкес сөйлеу әрекетінің төрт түрін (сөйлеу, оқу, тыңдау, жазу) дамыту үшін аутентикалық және мультимедиялық материалдар пайдаланылды; оқытуды ұйымдастыру және әдістемесі бойынша ойын технологиялары қолданылды, студенттермен кері байланыс, форум өткізілді; тапсырмаларды бағалау үшін тесттер қолданылды. Зерттеу университеттің ресми платформасы негізінде әзірленген «Learning English: Vocabulary & Grammar, Exercises & Tests» жаппай ашық онлайн курсының мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері, бөлімдерін сипаттайды.