IT МАМАНДАРЫНЫҢ ПРАГМА-КӘСІБИ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІ

Автор(лар)

  • Жайықбай К.Т. Казахский Университет Международных Отношений и Мировых Языков имени Абылай Хана
  • Кульгильдинова Т.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.004

Кілт сөздер:

IT мамандығы, прагма-кәсіби коммуникативті құзыреттілік, жаттығулар жүйесі, кәсіби-бағдарлы, мансаптық, кәсіби сәйкестендіру, рефлексиялық-дамыту, кәсіби дайындық, шет тілін оқыту

Аннотация

Мақалада ақпараттық технологиялар мамандығы студенттерінің прагма-кәсіби коммуникативті компетенциясын қалыптастыруға арналған жаттығулар жүйесі талданды. Сонымен қатар, мақала IT мамандығы студенттерінің шет тілін оқытуда прагма-кәсіби коммуникативті компетенциясын қалыптастыруға арналған жаттығулар жүйесін сипаттауға бағытталды және эксперимент арқылы нақтыланды. Коммуникативтік-концептуалды тип, аналитикалық-болжау типі, прагма-актуализация типі, жағдаяттық-шарттық тип, жағдаяттық модельдеу типті жаттығулар сияқты аталған жаттығулар жүйесі алға тартылды. Жаттығулар ақпараттық технологиялар мамандығындағы студенттеріне төрт апта бойы беріліп және берілген жаттығуларға деген сенімдері мен көзқарастарын білу үшін сауалнама алынды. Сауалнама жаттығулар сынып барысына енгізілгенге дейін және кейін студенттерден алынды. Студенттердің жауаптарының көпшілігі берілген жаттығуларға деген көз қарастары оң болды және жаттығулар жүйесі ақпараттық технологиялар студенттеріне айтарлықтай көмектесті деп қорытынды жасауға болады. Қазіргі уақытта, шет тілін оқытуда ІТ мамандарды кәсіби даярлау да маңызды екенін алға тартып, осы зерттеу арқылы оны нақтылап отыр. Осылайша, авторлар жаңа компетенцияны ұсынып отыр, оның құрамында: кәсіби, функционалдық, тілдік, коммуникативтік компетенциялар. Авторлардың ұсынуы бойынша, ақпараттық технологиялар мамандығы студенттеріне бұл компетенцияның маңызы зор және бұл компетенция прагма-кәсіби коммуникативтік компетенциясы деп аталады. Автор IT мамандығы студенттерінің прагма-кәсіби коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру әдістемесі негізінде жаттығулар жүйесін ұсынады. Нәтижесінде студенттердің көпшілігі коммуникативтік концептуалды жаттығулар типі IT-дағы метатілді және терминдерді дамытуға көмектесетінін айтты. Студенттердің екінші жартысы өз саласында түрлі тілдік функцияларды дамытуға жағдаяттық модельдеу тапсырмаларының ықпалы болғандығын алға тартты. Жалпы алғанда, IT мамандығының студенттері енгізілген әдістеме мен модельге оң көзқараста екендігі айтылды және берілген жаттығулар өмірлік кәсіби мәселелерді шешуге ықпалы бар екендігі де анықталды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи