ТІЛДІК ЕМЕС ЖОО-ДА (ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ) ШЕТ ТІЛІН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ

Автор(лар)

  • Бақытжан Э.Қ. Ablaikhan University
  • Дерменджиева С.Х.
  • Бикеева Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.013

Кілт сөздер:

шеттілдік білім беру, тілдік емес мамандық, туризм факультеті, цифрлық технология, цифрлық дағдылар, коммуникативті дағдылар, цифрлық сауаттылық деңгейлер, бәсекеге қабілетті маман

Аннотация

Соңғы онжылдықта еліміздегі жаһандық өзгерістерге сәйкес жоғары оқу орындарында, соның ішінде әсіресе тілдік емес университеттерде шетел тілін оқытудың рөлі үлкен өзгерістерге ұшырағаны бәрімізге мәлім. Әлемдік мәдениетаралық коммуникацияның  қарқынды дамуы, сонымен қоса елдер арасында туындаған әлеуметтік және ғылыми тәжірибе алмасу қажеттілігі қоғамның барлық сала мамандарына қойылатын талаптарды өзгертті. Демек осыған орай еліміздің халықаралық аренаға өтуі аясында тілді меңгерген, цифрлық сауаттылығы жоғары мамандарды даярлауға деген әлеуметтік сұраныс та арта түсті. Соңғы уақытта технологияның қарқынды дамуымен бірге оқыту барысында қолданылатын кейбір әдістер өзектілігін жоғалтып, еліміздің ұстаздары мен оқытушылар алдында оқыту материалдары мен құралдарына қатысты жаңа міндеттер мен тапсырмалар пайда болды. Бұл мақала лингвистикалық емес мамандық (оның ішінде туризм факультеті) студенттеріне цифрлық технологияны қолдану арқылы шетел тілін оқытудың тиімділігі мен өзектілігін көрсетуге бағытталған. Бұл зерттеу аясында студенттердің тілдік емес цифрлық дағдыларын қалыптастыру және олардың шеттілдік білімдерін жетілдіру сияқты екі тапсырманың үйлесімі әзірленіп ұсынылды. Мақалада тілдік емес мамандық студенттеріне тілдерді оқытуда цифрлық технология қолданысынң маңыздылығы мен өзектілігі айқындалып, зерттеуде қолданылған технологиялар мен әдістердің көмегі арқылы шетел тілі сабағын коммуникативтілік бағытталған түрде өткізуге болатындығы анықталды. Сонымен қоса зерттеу барысында ұсынылған цифрлық технологиялар мұғалімдерге тілдік материалды тиімдірек оқытуға және оқушылардың сабақ барысында барынша белсенді болуына мүмкіндік береді. Осы зерттеу барысында тілдік емес мамандық студенттеріне шетел тілін оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы шеттілдік бағдарлама модельденді. Осы зерттеу аясында цифрлық технология қолданысының тиімді жақтары байқалып, зерттеу нәтижелері болашақта тілдік емес мамандық студенттеріне кәсіби бағытталған шетел тілі оқу кешенін модельдеу барысында қолданылады. Мақаланың өзектілігі курстық тестілеудің қанағаттанарлық нәтижелерімен дәлелденді және оны одан әрі жоғары деңгейлік тапсырмаларды қамтитын курсты жалғастыру қажеттілігі құрайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи