ТІЛ – МӘДЕНИЕТТІ ТАНЫТУШЫ ҚҰРАЛ

Автор(лар)

  • Г.К. Ахметова
  • Ж.М. Байгожина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.60.1.003

Кілт сөздер:

тіл, мәдениетаралық қатысым, ұлттық ерекшелік, мәдени контекст, шет тілі сабағы, қарым-қатынас құралы

Аннотация

Мақалада бүгінгі шет тілін оқыту әдістемесінде үйреніп отырған тілді сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен байланыстыра оқыту қажеттілігі қарастырылады. Шет тілін сабақ үрдісінде меңгеру барасында білім алушылар сол тілде еркін қарым-қатынас жасауға бейімделеді. Сондықтан шет тілі сабағы сол елдің мәдениетінің тәжірибелік көрінісінің негізі, мәдениеттердің шоғырласу орны деп қарастырылады.  Тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын, мәдениеттің тілді меңгеруге әсерін айқындау мақсатында 10 сыныпқа арналған «Aspect for Kazakhstan» оқулығының бөлімдеріндегі мәдениет мәселесін қамту деңгейін талдау нәтижесі баяндалған.

Бұл мәселенің өзектілігі білім алушы меңгеріліп жатқан тілде елдің тарихы, салт-дәстүрі, мәдениетімен қатар үйренудің маңыздылығында жатыр. Халық тарихын, оның ұлттық мәдениетін, тіпті  ойлаудың қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай аламыз.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-05-20

Жоба

Раздел

Статьи