ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚҰРУ МЕН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.013Кілт сөздер:
цифрлық оқыту, платформа, виртуалды оқу орны, виртуалды шындық, иммерсивті оқыту, қашықтықтан оқыту, зертханалық жұмыстар, әдістемеАннотация
Қашықтықтан қарым-қатынас жасау адамдар арасындағы байланыс пен өзара әрекеттесу тәсілдерін өзгертті. Ақпараттық-коммуникациялық құралдар арқылы онлайн оқыту оқу орындарында дәстүрлі оффлайн оқытуды, әріптестік кездесуді және т.б. оқыту формасын өзгертіп алмастырды. Әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайы білім беру саласына өзгерістер әкелуде, өйткені білім беру жүйесі барлық білім оқушылардың үйде оқуына дайын емес еді. Оқушылардың әлеуметтік ортада бір-бірімен тікелей байланыста болу мүмкіндігі болмады, олар жаңа жағдайларға бейімделуі қажет болды. Онлайн оқыту жағдайында білім сапасының тиімділігі айтарлықтай өзгерді. Google Meet, Zoom платформалары арқылы оқушылармен онлайн-конференциялар өткізумен қатар, қосымша білім алу үшін онлайн білім беру ресурстарын оқу үдерісіне енгізу қажет болды. Оқушылар алдымен бейне конференцияларда оқыды, содан кейін үй тапсырмаларын орындады және оны өз сыныбының бұлтына орналастырды, сонымен қатар бұл интернетке қосылудың жоғары жылдамдығын, смартфондар мен ноутбуктердің болуын талап етті. Әлеуметтік жағдайларына байланысты оқушылардың тең емес мүмкіндіктері, атап айтқанда интернет және компьютерментолық қамтылмауы, ата-аналар тарапынан қолдаудың болмауы және онлайн режимінде оқуды жеңілдету үшін қажетті платформалар оқушылардың сапалы білім алуын қиындатты. Бүкіл әлемдегі білім беру жүйесі жаңа жағдайларға бейімделуге мәжбүр болды және үлкен өзгерістерге ұшырады. Осыған орай біздің тарапымыздан С# және С++ бағдарламалау тілін пайдалана отырып, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен интербелсенді өзара әрекеттесу мүмкіндігімен қашықтықтан оқыту жағдайында үш өлшемді цифрлық оқыту платформасы жасақталды. Біздің зерттеуіміздің негізінде нақты уақыт режимінде өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар «Alternative Education» платформааралық қосымшасы құрылды. «Alternative Education» платформааралық қосымшасы түрлі эксперименттер жүргізуге, ғаламшарларды 3D өлшемде қарауға және зерттеуге болатын зертханалары бар виртуалды ортаға түсуге, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық қатысушыларымен нақты уақыт режимінде дауыстық байланыс арқылы оқуға және өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Виртуалды шындық (VR) бұл компьютерде жасалған орта, көріністер мен нысандар нақты болып көрінеді, мұнда пайдаланушы қоршаған ортаға енгендей сезінеді. Мақалада біздің зерттеуіміздің негізінде жасақталған «Alternative Education» платформааралық қосымшасын оқу үдерісіне қолдану мәселесі қарастырылған.