«БИОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Автор(лар)

  • Э.А. Байгулина Международный Таразский Инновационный Институт
  • Ұзақбаева С.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.004

Кілт сөздер:

тұжырымдамалық принциптер, тұжырымдамалық тәсілдер, шеттілдік оқу үрдісі, биология мамандығы студенті, кәсіби -коммуникативті құзыреттілік, кәсіби білім беру, құзыретті, шетел тілі

Аннотация

Мақала тілдік емес ЖОО-да шеттілдік білім беру үдерісінде негізгі принциптер мен тәсілдерді анықтауға арналады. Авторлар Қазақстан Республикасында көптілді бағдарламаны жүзеге асыру кезінде биологияны ағылшын тілінде тереңдете оқыту жеке тұлғаның қабілеті мен қызығушылығына сәйкес оқу мазмұнын саралауды қамтамасыздардыру қажет деп есептейді. Теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құру үшін заманауи білім беру талаптарын тиімді жүзеге асыруда және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда тұжырымдамалық принциптер мен тәсілдер жүйесі қажеттілігіне тақталады.

Шеттілдік коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда шеттілдік білім беру   белгілі бір принциптерін қолданудың педагогикалық тиімділігін негіздейді. Бұл принциптердің шетел тілін меңгеруде аса маңызыды  екенін атап өтеді. Сонымен бірге, шеттілдік кәсіби бағдар беру принципі студенттердің мәтінмен жұмыс жасау қабілетін дамытатынын, шеттілдік-интерактивтік принцип студенттердің барлық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыратынын, шеттілдік-жүйелілік және бірізділік принципі тапсырмаларға жүйелі көзқарасты дамытатынын, шеттілдік-коммуникативтік ситуативтік принципі студенттердің проблемалық жағдаяттары шешуіде ықпал ететінін баса көрсетеді. Авторлар кәсіби білім берумен сабақтастықты қалыптастырып, студенттерді кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеруге тиімді оқыту қажет деп есептейді. Шетел тілін оқыту үдерісінде тұжырымдамалық тәсілдерді қарастырады: шеттілдік кәсіби-бихеверисттік тәсіл, шеттілдік кәсіби-танымдық тәсіл, шеттілдік кәсіби-гуманистік тәсіл, шеттілдік кәсіби лексикалық тәсіл.

Мақалада биолог студенттердің шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы осы тәсілдердің маңызы ашылады. Авторлардың пікірінше, шеттілдік білім беруде тәсілдер мен принциптерді ескеру білім беру сапасы мен даярлық барысында кәсіби-бағдарлы шетел тіліне даярлау құзыреттілік  деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-29

Жоба

Раздел

Статьи