ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАР БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.61.2.003Кілт сөздер:
цифрлық құзыреттілік, коннективизм, электронды оқыту, қашықтан оқыту, жаппай ашық онлайн курстарАннотация
Мақала жаппай ашық онлайн-курстар арқылы болашақ шет тілі
мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру және жетілдіру мәселесіне арналған.
MOOC - бұл салыстырмалы түрде жаңа оқыту технологиясы, мұнда басты
артықшылығы-ақпаратты беру жылдамдығы, сонымен қатар ақпарат көзінен алыс жерде әр
түрлі мекемелерден білім алу мүмкіндігі.
Зерттеудің мақсаты лингвистикалық университетте болашақ шет тілі мұғалімдерінің
цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудағы жаппай ашық онлайн курстар сияқты
технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Бұл технологиялардың болашағы зор және оларды қолдану әлемге әйгілі
профессорлардан бай тәжірибе алу арқылы мұғалімнің дидактикалық міндеттерін жақсырақ
қалыптастыруға, көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.