УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПЛЮРИЛИНГВАЛДЫ (КӨПТІЛДІ) САНАСЫН ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Мырзалиева С.Е. КазНУ им аль-Фараби
  • Мизанбеков С.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.010

Кілт сөздер:

плюрилингвизм, мультилингвизм, тілдік портфолио, плюрилингвалды (көптілді) сана, тілдік тұлға, көпмәдениеттілік, Pic Lits қосымшасы, Podcast қосымшасы

Аннотация

Қазіргі жаһандану дәуірінде дамудың бір көрінісі ретінде тек көптілдік қана емес, сонымен қатар плюрилингвизмдік құзіреттіліктер мен сана дамуының маңызы ерекше орын алады. Мақала соңғы жылдары шетелдік авторлардың еңбектерінде кеңінен қамтылған плюрилингвалды оқыту және сана құбылысын қарастыруға арналған. Зерттеудің өзектілігі шетелдік және отандық лингводидактілер қолданатын көптілді білім беру саласын сипаттайтын терминологиялық аппараттың әлі терең зерттелмегеніне байланысты. Мақалада плюрилингвизм терминінің мультилингвизм терминен айырмашылығы, плюрилингвизмдік құзірет пен сананы дамытудың тәсілдері шет тілдерін оқыту теориясы мен әдістемесі аясында ашылды. Плюрилингвизм – тіл үйренудің әлеуметтік-мәдени аспектілеріне бағытталған зерттеу саласы. Плюрилингвалар – тілдерді меңгеріп қана қоймай, басқа мәдениеттердің өкілдерімен қарым-қатынас жасай алатын, әртүрлі мәдениеттердің өкілдері арасындағы қақтығыстарды шеше алатын адамдар. Плюрилингвизм парадигмасында балалардың тілдік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар көп мәдениетті құзыреттіліктерін дамыту үшін білімге ерекше назар аударылады.  Осы плюрилингвизмдік құзіреттілікті дамытып, сананы ашу үшін студенттерге тілдік портфолио мен ақпараттық-коммуникациялық техологияларды қолдану мүмкіндігі мақалада қарастырылған. Мақала материалдары көп тілді білім беру саласындағы теориялық талдау мен практикалық жұмыстарды одан әрі қолдау ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи