ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ИНТЕРНАЦИОНАЛАНДЫРУДЫҢ КРОСС-МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Автор(лар)

  • Каримова Б.С. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Нурланбекова Е.К.
  • Айлауова Ж.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.003

Кілт сөздер:

кросс-мәдени құзыреттілік, мәдениетаралық құзыреттілік, академиялық ұтқырлық, құзыреттілік, интернационалдандыру, кросс-мәдениет, білім беру, кросс-мәдени сезімталдық

Аннотация

Мақалада жоғары білім беру жүйесін интернационалдандырудың маңыздылығы мен тиімділігі және оның студенттердің кросс-мәдени құзыреттілігін дамытудағы әсері қарастырылған. Бұл процес жоғары білім беру жүйесі мен студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Интернационалдандыру – заманауи инновациялық әдістер арқылы студенттердің дүниетанымын арттыруға, көптілділікті нығайтуға және студенттердің мәдениетаралық, кросс-мәдени, коммуникативтік және лингвистикалық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді. Заман талабына байланысты студенттердің шетелде оқуға деген қызығушылығының артуы кросс-мәдени құзыреттіліктің де маңызын арттыра түсті. Кросс-мәдени құзыреттілік дағдылары студенттердің мәдени айырмашылықтарды түсіну, коммуникациялық құралдарды тиімді меңгеру және пайдалану және көпмәдениетті ортада күтілетін коммуникациялық мақсаттарға жету қабілетін білдіреді.

Мақаланың мақсаты – университет студенттерінің кросс-мәдени құзыреттілігін дамытудағы интернационалдандырудың тиімділігін анықтау болып табылады. Зерттеуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 147 студенті қатысты. Студенттердің кросс-мәдени құзыреттілік деңгейі сауалнама және мәдени интеллект шкаласы арқылы өлшенді. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бойынша білім алған 17 студентпен сұхбат жүргізілді. Студенттердің кросс-мәдени құзыреттілігін дамыту болашақ мұғалімдердің мәдени, кросс-мәдени құзыреттіліктерін арттырумен тығыз байланысты және барлық студенттер осы элементтерді білуі керек. Алынған мәліметтер студенттердің кросс-мәдени құзыреттілігін дамыту бойынша жоғары оқу орындарында интернационалдандырудың тиімділігін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-01-10

Жоба

Раздел

Статьи