ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДА КВЕСТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.68.1.011Кілт сөздер:
әдістеме, инновациялық педагогикалық технологиялар, квест-технологиясы, білім беру квесті, когнитивтік талдау, ертегі мәтіндері, электронды ресурстар, орыс тілі, орыс тілін шет тілі ретінде оқытуАннотация
Қазіргі лингводидактикада дәстүрлі және қашықтағы форматта қатар қолдануға болатын жаңа әдістер белсенді дамуда. Инновациялық педагогикалық технологиялардың ішінде квест технологиясы осы параметрлерге толық сәйкес келеді. Қазіргі ғылыми-әдістемелік еңбектерде бұл технология тиімді және өнімді деп танылады. Мақалада филологтарға арналған квест ұсынады. Квест тақырыбында шешілетін проблема қойылады, ол - ертегі мәтініндегі ғажайып құбылысты анықтау. Зерттеу материалы ретінде әлем халықтарының ертегілері алынды. Әр команда ертегіні таңдап, кейін мәтінді когнитивті талдауды кезең-кезеңмен өткізеді. Бұл жұмыстың өзектілігі – когнитивті парадигмаға сәйкес талдау жасау. Мақалада біз Т.В. Романованың когнитивтік талдау әдістемесіне сүйенеміз. Когнитивтік талдауды орындау үшін студенттер электронды ресурстарды кеңінен қолданады. Мысал ретінде бір команданың жұмысының үзінділері келтірілген. Жұмыстың әдіснамалық негізінде когнитивті лингвистика саласындағы ғалымдардың еңбектері қолданылады. Мақалада орыс тілі және орыс тілін шет тілі ретінде оқыту практикасында қолданылған ертегі мәтіндерін зерттеушілер, сонымен квест технологиясын қарастырған ғалымдардың еңбектері сипатталады. Негізінде, оқу мәтіні айтылу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту көзі ретінде қолданылады, сонымен қатар коммуникативті, лингвомәдениеттік, елтану, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үшін маңызды болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы-зерттеу пәні мен объектісін аңықтау, сонымен бірге квест технологиясын қолдана отырып, когнитивтық талдау кезеңдерін жасау. Жұмыстың теориялық маңыздылығы ертегі материалындағы когнитивтық талдауды апробациядан өткізу және оны оқу процесінде одан әрі қолдану болып табылады. Жұмыстың практикалық құндылығы – алынған нәтижелерді орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың тәжірибесінде қолдану.