ФОРМАЛДЫ ЕМЕС ЖӘНЕ ИНФОРМАЛДЫ ТҮРДЕ АЛЫНҒАН ҚҰЗІРЕТТЕРДІ ТАНУ РӘСІМДЕРІ (Германия тәжірибесінен)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.005Кілт сөздер:
формалды емес және информалды алынған құзыреттерді растау/тану, кәсіби құзыреттер, кәсіби біліктілік, ресми біліктілік, сертификатталған біліктілік, сыртқы емтихан, тарифтік келісімдер, кәсіби тәжірибе, жартылай біліктілік, төмен біліктілікті, білім алу ваучеріАннотация
Мақалада Германияның формалды емес және информалды түрде алынған құзыреттердің кәсіби қоғамдастықпен расталуы бойынша озық тәжірибесін талдау нәтижелері сипатталған.
Осы мақаланың мақсаты – Германияның формалды емес және информалды түрде алынған құзыреттерді тану тәжірибесін зерттеу, оны отандық тәжірибеге енгізу.
Формалды емес және информалды оқыту нәтижелерін растау тәртібі ресми білімі немесе кәсіби біліктілігі жоқ тұлғалардың, яғни «біліктілігі төмен», «жартылай білікті» және «біліктілігі жоқ» санаттарындағы тұлғалардың алған құзыреттерін тану бойынша Германиядағы қолданыстағы тәсілдемелері тұрғысынан қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы формалды емес және информалды оқытуды растау мен танудың нысандары мен тәртібінің жан-жақты зерттеліп, талданып, сипатталуында. Жалпы мұндай екі нысан бар: формалды емес және информалды құзыреттерді «де-факто» тану және ресми тану; формалды емес және информалды білім алуды танудың бірнеше рәсімдері бар, олардың арасында тестілерге, өмірбаяндық деректерге немесе әрекетке бағытталған, сыртқы сараптамаға, тарифтік келісімге негізделген тану рәсімдері бар. Сонымен қатар, Германия тәжірибесінде соңғы 20 жыл ішінде формалды емес және информалды түрде игерілген құзыреттерді растау, ресми білімі немесе кәсіби біліктілігі жоқ адамдардың біліктілігін арттыру мақсатында түрлі деңгейде көптеген бастамалар, жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылды. Авторлардың пікірінше, біліктілігі төмен мамандардың біліктілігінің бөлігі ретінде жартылай біліктілікке ерекше назар аудару керек.
Формалды емес және информалды түрде алынған құзыреттерді растау бойынша Германияның озық тәжірибесін талдау жұмысы синтез және талдау әдістерін, салыстырмалы және сипаттамалық әдістерді, салыстыру әдісін қолдана отырып, Германияның кәсіби біліктілікті бағалау және тану бойынша құқықтық құжаттарының материалдары негізінде жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде мақала авторлары отандық білім беру жүйесі мен еңбек нарығына бейімделуі немесе енгізілуі мүмкін келесі рәсімдерді анықтайды: сыртқы емтихан түріндегі тану рәсімі, бiлiктiлiгi төмен мамандардың бiлiктiлiгiнің бөлігі ретіндегі сертификатталған ішінара біліктілік, кәсiптiк біліктілігі немесе үш жылдық кәсiби өтiлi бар адамдар үшiн бiлiм алу ваучері.