ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕДИА САУАТТЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Ж. Асқар Университет Сулеймана Демиреля
  • Г.Б. Норузова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.039

Кілт сөздер:

ағылшын тілі шет тілі ретінде, медиа сауаттылық, аудиториялық тәжірибе, оқыту, нәтижелер, тілдік дағдылар, проблемалар, перспективалар

Аннотация

Тілдік білім беру үрдісінде, атап айтқанда ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытуда медиа сауаттылықты (MС: ғаламтордағы сан алуан медиа материалдарын талдай білу, іріктей білу және оның шынайы немесе жалған, дұрыс немесе бұрыстығын анықтай білу қабілеті) енгізу қазіргі заманауи білім беру саласындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Дегенмен, осы тұста оқушылардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және қалыптастыру және заманауи медиа жүйесінің әртүрлі кодтарын меңгеруге көмектесу үшін медиа сауаттылық бойынша білім беруді оқу бағдарламасына енгізу өте маңызды екенін айта кеткен жөн. Шетел тілін оқытуда медиа сауаттылықты оқытудың перспективаларына, рөлдеріне және әдістеріне басты назар аудара отырып, бұл зерттеу медиа сауаттылықты оқытудың ағылшын тілі сабағында қалай көрініс табатынын зерттеуге бағытталған. Тоғызыншы сынып оқушыларымен, сондай-ақ олардың мұғалімдерімен жартылай құрылымдық сұхбаттарды, сыныптағы бақылауларды және құжаттарды талдауды (оқу жоспарын талдау, күнтізбелік тақырыптық жоспарлау, орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлары) пайдалана отырып, бұл сапалы зерттеу ағылшын тілі мұғалімдерінің медиасауаттылыққа үйрету және баулу және оның мектеп жағдайында қаншалықты тәжірибеде қолданылатыны туралы пікірлерді жан жақты зерттеуге бағытталған. Осылайша, аталмыш зерттеу Қазақстан мұғалімдерінің медиасауаттылық мектеп бағдарламасының міндетті бөлігі болып саналмайды деп есептейтінін көрсетті. Сонымен қатар, бұл зерттеу Қазақстандағы білім беру жүйесі қазақстандық мектептерде сапалы медиалық білім беруді тиімді жүзеге асыру үшін мұғалімдер мен оқушыларды қажетті құралдармен (физикалық және әдістемелік) қамтамасыз ету керектігін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи