АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА МЕТАФОРАЛЫҚ ТАЛДАУДЫ ҚОЛДАНУҒА ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.017Кілт сөздер:
метафора, метафоралық талдау,, ағылшын тілі шет тілі ретінде, аудиториялық тәжірибе, жүйелі әдебиеттерге шолу, кодтар, перспективалар, оқыту, сыныптағы шетел тіліАннотация
Метафоралық талдау – бұл әртүрлі мәтіндердегі ұғымдар мен түсініктерді сипаттау және анықтау үрдісіне жатады. Метафоралық талдаудың ең маңызды аспектісі оның белгілі бір тілде қолданылатын метафоралардың қызметін де, табиғатын да толыққанды анықтауға және ашуға қызмет ететін қызметі болып табылады. Демек, зерттеуде метафоралық талдауларды қолданудың маңыздылығы мен мәні жалпы шетел тілін оқытуда, ал нақтырақ айтқанда ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуда талап етілетін құзыреттілік ретінде алға тартылады. Сондықтан, оқушылардың сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін тексеру және метафорадағы әртүрлі кодтарды ішкі қабылдауға көмектесу мақсатында метафоралық талдауларды орта мектеп бағдарламасына, атап айтқанда тілдік білім беру бағдарламасына енгізу өте маңызды болып саналады. Ағылшын тілін шет тілі (EFL) ретінде оқыту контекстіне шоғырландыра отырып, бұл зерттеу ағылшын тілін шет тілі (EFL) ретінде оқытатын сыныптарда және ағылшын тілін оқыту тәжірибесінде метафораны талдаудың қалай көрініс табатындығын зерттеуге және одан әрі бұл үрдісті түсіндіруге бағытталған. Аталмыш жұмыстың зерттеу әдістемесі ретінде әдебиеттерге жүйелі шолу жасау әдісі қолдана отырып, метафоралық талдаулар тақырыбы бойынша жарық көрген әртүрлі мақалалар қарастырылды және одан әрі талданды. Нәтижелер метафоралық талдаудың көптеген елдерде, соның ішінде Азия елдерінде ағылшын тілін шет тілі ретінде (EFL) оқыту бағдарламасының маңызды және формальды құрамдас бөлігі болып саналмайтынын көрсетті, сондықтан бұл мақалада метафоралық талдауды тілді үйрену мен оқыту үдерісінің негізгі элементтерінің бірі ретінде енгізу ұсынылып отыр.