ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА КЕЙС-СТАДИ ӘДІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

Автор(лар)

  • Набидуллин А.С. Казахский национальный педагогический унверситет имени Абая
  • Алдашева К.С.
  • Әбдіғұлова С.М.
  • Сулейменова С.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.023

Кілт сөздер:

кейс-әдіс, шет тілдерін оқыту, жағдаяттық тәсіл, тәжірибелік жағдай, оқу үдерісі, кейстер, білім саласы, дағды

Аннотация

Мақала шетел тілдерін оқыту барысындағы кейс-стади әдісінің құрылымдық ұйымдастырылуын анықтауға арналған. Мақаланың мақсаты – шетел тілдерін нәтижелі оқыту үшін ең қолайлы жағдай құрылымын анықтау.

Соңғы уақытта кейс-стади әдісі шетел тілі оқытушылары арасында кеңінен таныла бастады. Қазіргі әлем және жаһандық қоғамдастық тиімді қарым-қатынас жасай алатын, аналитикалық және сыни ойлауға қабілетті, жақсы дайындалған мамандарды қажет етеді. Осы мақсатқа жету үшін оқу орындары оқуға оң мотивация жасауға, танымдық белсенділікті арттыруға, студенттерді оқу-тәрбие процесіне белсенді қатыстыруға, өз бетінше әрекет етуді ынталандыруға, шығармашылық қабілеттермен инновациялық ойлауды дамытуға көмектесетін заманауи әдістер мен технологияларды қолдануы керек. Бұл мақалада біз жағдайлық есептер технологиясын жоғарыда аталғандардың барлығын шындыққа айналдыруға қабілетті білім беру құралы ретінде қарастырамыз. Бұл мақалада біз кейс-стади әдісін білім беру құралы ретінде жан-жақты қарастырамыз.

Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау әдісі; оқу үдерісінде кейс-стади технологиясын қолдану прецеденттерінің феноменологиялық сипаттамасы, талдау әдістері.

Зерттеу нәтижесінде кейс-стади әдісі – оқытудың әртүрлі кезеңдерінде тиімді пайдалануға болатын оқу іс-әрекетінің құрамдас бөліктерінің бірі ғана. Ол оқытудағы вариативтілік жағдайында кез келген басқа әдістерді толықтырады және оқу процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің құндылығы – кейс-стади әдісі мына дағдыларды дамытады: мәселені талдау және қою, өз ойын нақты тұжырымдау, жеткізу және негіздеу, сондай-ақ нақты жағдайлар мен ақпаратты ескере отырып шешім қабылдауға үйретуде маңызы зор.

Қорытындылай келе практикада бұл әдісті қолдану студенттерге өздерінің аналитикалық және бағалау дағдыларын көрсетуге және дамытуға, сондай-ақ мәселенің ең жақсы жауабын табу үшін басқалармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи