МЕКТЕПТЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ ОРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУ ТҰЖЫРЫМЫ

Автор(лар)

  • Ахметова Г.Б. Sirdarya
  • Тәжіғұлова Ә.І.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.020

Кілт сөздер:

цифрлік орта, ақпараттандыру, білімді цифрландыру,, цифрлы білім контенті, электронды оқулықтар, цифрлы білім беру көзі, компьютерлік ойындар, виртуалды тренажер, қушының жұмыс орны, интернет

Аннотация

Мақалада мектепте цифрлік ортаны құру тұжырымы ұсынылған. Білім берудің жаңа парадигмасы жоғары интерактивті, мультимедиялы байытылған контентті талап етеді. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім мазмұнын жүзеге асыруға кең педагогикалық мүмкідіктерді айқындайды. Өйткені, білім беру процесін жүзеге асыруда жаңа мүмкідіктерді ұсынатын бес жаңа педагогикалық құралдармен қамтамасыз етеді, олар: интербелсінділік, мультимедиа, моделинг, коммуникативтілік, өнімділік.

Цифрлі ортаны құрудың мақсаты қазақстандық білімнің сапасын жақсарту қажеттілігімен айқындалады, яғни білімге бағдарланған парадигма тұлғаға бағдарланған парадигмамен ығыстырылады. Цифрлі парадигма түрлі себептермен уақытша Қазақстаннан тысқары тұратын оқушылардың және ерекше білім қажеттілігі бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі сапалы қазақстандық білімге тең дәрежеде қол жеткізуіне бағытталуы қажет. Ұсынылып отырған тұжырым Юнисеф халықаралық мекеме мен Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті (Алматы қаласы) жанынан ұйымдастырылған жоба барысында дайындалды.

Білімді цифрландыру жүйелі үрдіс ретінде сипаттау негізінде ұсынылған тұжырым төрт құрылымдық компоненттен тұрады: нормативтік және құқықтық, инфрақұрылымдық, программалық, контентті-әдістемелік қамтамасыз ету. Ұсынылған концепцияның практикалық құндылығы цифрлі ортаны құрудың механизмімен, сонымен қатар мектептегі менеджерлер мен педагогикалық қызметкерлерге арналған Ұсынымдармен анықталады. Жасалған Ұсынымдардарда мектепте цифрлі ортаны құрудың мақсаты мен міндеттері айқындалан.

Тұжырымның әдіснамалық негізін білімдегі ақпараттандыру мен цифрландырудың өзекті мәселелерді зерделеу туралы шетелдік және қазақстандық ғалымдардың фундаменталды еңбектері анықтады.

Диагностикалық бөлімінде Астана, Алматы және Шымкент мектептерінің 27 педагог және 18 менеджер қатысты. Жұмыс барысында онлайн-семинарлар, шеберлік сыныптар дәрістер ұйымдастырылды. Деректер сауалнама әңгіме, бақылау зерттеу әдістері арқылы анықталды. Назар аударатын жағдай ол 87% педагог құрамы цифрлы білім контентін онлайн сабақта, қашықтан оқыту сабағында, аралас сабағында қолдану туралы әдістемелік ақпарат алды. Диагностикалық жұмыстың нәтижелері мектептердегі проблемаларды айқындады. Атап айтқанда мектептерде цифрлы ортаны ұйымдастыруды 2 деңгейде жүргізу қажеттілігі байқалады – әкімшілік және педагогикалық.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-27

Жоба

Раздел

Статьи