БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ LEARNINGAPPS.ORG МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Тулекенова Д.Т. КазУМОиМЯ им. Абылай хана
  • Кульгильдинова Т.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.015

Кілт сөздер:

Learningapps.org, шетел тілі мұғалімі, қосымшалар, интерактивті тапсырмалар, ақпараттық коммуникативтік технологиялар, бастауыш мектеп, интерактивті ойындар, бағдарлама

Аннотация

Мақалада шетел тілін оқыту кезінде Learningapps.org мультимедиялық бағдарламасы арқылы интерактивті тапсырлмалар құру мүмкіндіктері қарастырылады. Learningapps.org интерактивті бағдарламасы - бастауыш оқушылардың барлық шеттілдік дағдыларын дамытуға көмектесетін ең тиімді мультимедиалық құралдардың бірі. Бұл қосымшаның шеттілдік білім беру процесінің тиімділігін арттыру құралы ретіндегі артықшылықтары атап өтіледі. Зерттеудің мақсатыбастауыш мектепте болашақ шетел тілі мұғалімінің сабақта интерактивті Learningapps.org мультимедиялық бағдарламасын қолдана алу біліктілігін қалыптастыру әдістемелік негіздерін анықтау және талдау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: Бастауыш мектепте шетел тілін оқытатын болашақ мұғалімдерді даярлауда өздерінің интерактивті жаттығулары мен тапсырмаларын құрастыруда Learningapps.org интерактивті бағдарламасының қосымшаларын қолдану тимділігі анықталып, шеттілдік білім беру бағдарламасына енгізіледі. Зерттеудің практикалық маңызы: Learningapps.org интерактивті бағдарламасын педагогикалық тәжірибе кезінде студенттер де сонымен қатар бастауыш мектептегі Ағылшын тілі пәні мұғалімдері де қолдана алады. Зерттеу барысында қолданған әдіс-тәсілдер: ақпаратты іздеу; компьютерлік технологияларды қолдану; консультациялар (әдіскер оқытушылармен); талдау және салыстыру; бақылау мен бағалау. Анықтау және талдау үшін Learningapps.org интерактивті бағдарламасын (Learningapps.org интерактивті бағдарламасында көптеген интерактивті жаттығуларды, ойындарды және тестік бақылау құрастыруға арналған қосымшалары бар) лекция кезінде теориялық түсіндіріп, семинарда практикалық қолдана отырып, болашақ бастауыш ШТ мұғалімдеріне 3-4 бастауыш сыныптарға Ағылшын сабағында қолданатын интерактивті жаттығулар мен интерактивті қызықты ойындар және бақылау мен бағалау арналған тапсырмалар құру талап етілді. Студенттердің әзірлеген жаттығулары мен тапсырмаларын, сондай ақ Learningapps.org мультимедиялық бағдарламасын қолдана алу біліктілігін анықтап, талдау үшін дескрипторлар мен критерийлер құрастырылып, математикалық формулалар мен баға жүйесі арқылы бағаланды. Нәтижелерге сәйкес болашақ бастауыш мектептегі шетел тілі мұғалімдері болашақта Learningapps.org интерактивті құрылғысының тимділігін біліп, қолдану біліктіліктерін арттырды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-27

Жоба

Раздел

Статьи