АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.009Кілт сөздер:
Ағылшын тілін оқыту (ELT), еуропалық профильдеу жүйесі (EPG), ELT мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктері, мұғалімнің білімі, дайындық,, университет, бағдарлама, зерттеуАннотация
Қазақстанда ағылшын тілін оқыту тәжірибесін жақсарту үшін студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және білім беру мақсаттарына жету үшін білікті және құзыретті мұғалімдер қажет. Осылайша, бұл зерттеу ағылшын тілі мұғалімдерінің тілді меңгеру деңгейіне қатысты еуропалық профиль торының (EPG) құрылымын пайдалану арқылы ағылшын тілі мұғалімдерінің және болашак ағылшын тілі мұғалімдерінің құзыреттілік деңгейлерін салыстырады және құзыретті мұғалім анықтамасы туралы тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ағылшын тілін оқытудың нәтижелері мен мұғалімдердің білім беру бағдарламаларына қатысты мұғалімдердің сапасын жақсарту үшін ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктіліктері мен пікірлері шешуші рөл атқарады. Бұл зерттеу Қазақстандағы мұғалімдерге білім беру бағдарламаларында жағдайын, біліктілігін арттыру курсындағы және болашақ тіл мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктері тұрғысынан өздерін қалай қабылдайтынын көрсетуге бағытталған. Зерттеуге барлығы 65 болашақ ағылшын тілі мұғалімі және 40 ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Аралас зерттеу әдісі құбылысты тереңірек түсіну үшін сапалық және сандық әдістерді біріктіру арқылы қолданылды. Сапалық деректерді талдау үшін тақырыптық талдау әдісі қолданылды және сандық деректер SPSS 25 көмегімен талданды. Ағылшын тілі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейлері болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне қарағанда жоғары екені анықталды. ELT студенттері топтар арасындағы статистикалық маңызды айырмашылықты көрсетеді.