БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА CLIL ТӘСІЛІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘРБІР ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • А.Ж. Садыкова NIS
  • А.М. Ишмухаметова
  • Г.М. Исмаилова
  • А.Ж. Едігенова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.025

Кілт сөздер:

CLIL тәсілдері, жиынтық бағалау, қалыптастырушы бағалау, сындарлы кері байланыс, жоғары деңгейлі дағдылар, контент, дағдыларды қалыптастыру, биология

Аннотация

Мақалада авторлар іс– әрекеттегі зерттеу тәжірибесін, "Blended Teacher Training Program", British Study Centres-English School - CLIL тәсілі бойынша білім мен дағдыларды қолдану тәжірибесін көрсетеді. Тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесі мазмұнды, танымды, коммуникацияны және мәдениетті біріктіретін CLIL 4K оқытудың негізгі тәсілімен байланысты.

Авторлар бейіндік пәнді стандартты деңгейде оқи отырып, негізгі орта білім беруде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаратылыстану пәндерін оқыту мен оқытуда CLIL тәсілдерін тәжірибеде қолдануды сипаттайды.

Қазіргі уақытта CLIL тәсілдері орта мектептің бейіндік пәндерін оқытуда  ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тілде оқытылатын  География, Қазақстан тарихы, Құқық негіздері, орыс тілінде жүргізілетін  Дүниежүзі тарихы, Информатика пәндерінде де  қолданылады.

Авторлар CLIL тәсілдерін жиынтық және формативті бағалау жүйесінде қолдануы бойынша баса назар аударады, өйткені бағалаудың бұл түрлері оқушылардың  әр түрлі тапсырмаларды орындауы арқылы алынған білім мен қалыптасқан дағдылардың функционалдығын өлшеуге бағытталған. Сондықтан жаңашыл мұғалімде психологиялық- педагогикалық әдістер, стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгерген жөн. Олардың бірі - CLIL стратегиясы, осы стартегияда  visual scaffolding әдістері, ақпараттық-визуалды органайзерлер жоғары деңгейлі дағдыларды дамыту және жетілдіру үшін қолданылады.

Ұсынылған зерттеуде авторлар CLIL тәсілдерінің бір бағыты болып табылатын бағалау әдістеріне (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау) назар аударады және оффлайн және онлайн оқыту форматтары тәжірибесінен мысалдар келтіреді.

Мақалада келтірілген бағалау мысалдары қалыптастырушы бағалау факторының бірі болып табылатын сындарлы кері байланыспен бірге жүреді. Бағалаудың кез келген түрінде кері байланыс алып отырған оқушыларда, білім беру әрекетіне деген ынтасы артады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи