ВИРТУАЛДЫ РОБОТТАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРГЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.021Кілт сөздер:
математика, робототехника, roboblocky, виртуалды роботтар, блок арқылы программалау, STEM-білім, білім беру платформасы, студенттердің кұштарлығыАннотация
Зерттеу "6B01501-Математика" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге (n=50) арналған математикаға бағытталған 20 сағаттық робототехника курсын әзірлеудің мысалын ұсынады. Зерттеудің мақсаты робототехниканың оқушылардың мотивациясына және робототехникалық шараларды қолдана отырып математиканы оқуға қатысуына әсерін зерттеу болды. Бұл әрекеттер алгебра ұғымдарын үйрену кезінде виртуалды роботтарды басқаруды қамтиды. Жалпы, роботтарды қолдана отырып жүргізілетін математика сабақтарының мақсаты математиканы оқытудың осы тәсілінің тиімділігін зерттеу және технологияны қолдана отырып математикалық білім беруді жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. Зерттеу барысында робототехниканың әлемдік қолданылуы зерттеліп, тиісті әдебиеттерді жинау үшін академиялық мәліметтер базасына шолу жасалынды. Зерттеу үш ай бойы "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" КЕАҚ (Талдықорған) базасында жүргізілді, оның барысында "робототехника көмегімен Математиканы зерттеу" оқу бағдарламасы әзірленіп, сынақтан өткізілді. Roboblocky.com сайтымен студенттермен орындалған сабақтар мысалдары берілген мақалада көрсетілді. Roboblockly-студенттерге математикалық және ғылыми тұжырымдамаларды оқытуды жеңілдету үшін робототехника мен бағдарламалауды біріктіретін білім беру платформасы болып саналады. Платформа бағдарламалауға блоктық тәсілді қолданады, бұл оқушылардың осы ұғымдарға қол жетімділігі мен түсінігін арттырады. Қолда бар зерттеулерге сүйене отырып, roboblocky көмегімен математиканы оқыту болашақтағы тәсіл деп қорытынды жасауға болады. Математиканы оқыту үшін робототехниканы қолдану бойынша зерттеулер оның студенттердің белсенділігін, оқу үлгерімін, проблемаларды шешу дағдыларын және кеңістіктік ойлауды жақсарта алатынын көрсетті. Сонымен қатар, мақалада виртуалды роботтарды қолдану студенттердің оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететіндігі жайлы айтылған.