СИНТЕЗДІК ӨНЕР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨРІНІСІ

Автор(лар)

  • Баймуханова Ж.А. КазНАИ им. Темирбека Жургенова
  • Кулбаев А.Б.
  • Елубаева М.А.
  • Төлепберген Е.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.009

Кілт сөздер:

Қазақ сахна мектебі, кәсіби білім беру, оқу білім бағдарламасы, теориялық және психофизикалық іс-әрекеттегі сабақтастық, театр өнері, синтездік өнер, қазақ халқы, мәдениет

Аннотация

Авторлар кәсіби қазақ сахна өнері саласындағы ғылыми теориялық еңбектерге сүйене отырып, ұлттық өнердің жаңа белеске көтерілуіне ықпал ететін бүгінгі жаһандану жағдайындағы білім, ғылым, өнер мен мәдениетті шығармашылықты-инновациялық кәсіби білім беру құзыреттілігін жетілдіру мақсатында В027 «Театр өнері – Актерлік өнер» бағдарламасында синтездік өнер саласындағы сахналық-жанрлық көркемдік сабақтастықтың негізін ұсынады.

Тарихи деректерге сүйенсек актерлік өнердің кәсіби білімінің негіздері Еуропада 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында қаланғаны белгілі, ал Азия елдерінде ол одан да ертеректе дамыған, халық шығармашылығының тамырынан бастау алған, мың жылдан астам тарихы бар жапондық «НО» театры әлі күнге дейін өзіндік мәнін жоғалтқан емес.

Өнердің өзекті мәселесі әр ұлттың ерекше табиғатынан туындаған өмір заңдарынан бастау алатын ерекше құбылыс екені даусыз. Алайда, қазақтың кәсіби сахналық мектебі жоғарыда аталған мектептерден бастау алады деп айтуға болмайды. Біздің ұлттық руханиятымыздың байлығы (ауыз әдебиетінің, поэманың, қаһармандық жырлардың, эпостың інжу-маржандары және т.б.) ұлт құндылықтарына айналған ұлтымыздың сарқылмас асыл қазынасы негізінде туындаған «Дала театрынан» бастау алатыны айнымас ақиқат. Кенжелеп дамыса да қазақ сахна мектебі өзіндік көркемдік болмыс ерекшелігімен ұлттық құндылықтарымыздың әлемдік деңгейде сахналауында ерекше табыстарға жетіп өнерлі ұлттың бай руханиятының асыл қазыналарымен тамсандыруы, ерекше мәнге ие болды.

Бұл зерттеу жұмысының басты мәселесі, қазақ сахна мектебінің даму сатыларындағы өнерлі де талантты тұлғаларының қосқан үлесі мен әлемдік сахна мектебінің даму жолдарындағы сабақтастықты зерделеу. В027 «Театр өнері - актерлік өнер» оқу бағдарламасында ұсынылған кәсіби шығармашылық білімнің құзыреттілігі өнер синтезінің сахналық-жанрлық көркемдік сабақтастығының негізін құрайды.

Сахналық мектептің дамуы мен өсу жолдары әр халықтың рухани даму кезеңдеріне сай өркен жайғаны, бүгінгі жаһандану заманында көп ұлтты халықтардың игілікті істеріне айналды. Қазақ сахна өнері мектебі де аталған үдерістен шалғай қалмағаны баршамызға белгілі. Кәсіби білім алған сахна майталмандарының халықаралық фестиваль-конкурстарға қатысып жүлделі орынға ие болулары айтылған сөздің айғағы болып табылады. Осылайша, қазақ сахналық мектебі В027 «Театр өнері - актерлік өнер» білім беру бағдарламасының халықаралық шығармашылық білім беру бағдарламаларының қатарына енуінің көрсеткіші болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-27

Жоба

Раздел

Статьи