Мультимедиялық технологияларды интеллектуалдық дамуының бұзылыстары бар оқушыларын оқытуда пайдалану
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.023Кілт сөздер:
мультимедиялық технологиялар, мультимедиялық презентациялар, интеллектуалды дамуы бұзылған балалар, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, деңгейлер, экспериментАннотация
Мақалада интеллектуалдық дамуында бұзылыстары бар балаларды оқытудың коррекциялық-педагогикалық оқу процесінде мультимедиялық технологияларды қолданудың тиімділігін эксперименттік түрінде зерттеу сипатталған. Теориялық ережелерді талдау барысында мультимедианың коррекциялық-дамыту мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлінеді, мультимедиялық технологиялардың интерактивтілігі, икемділігі, көп функционалдығы, тұлғалық бағдарлануы сияқты бірегей ерекшеліктері интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларды оқыту үдерісін дараландыруға және білім беру сапасын арттыру өте пайдалы болатыны айтылады.
Зерттеудің мақсаты - теориялық және эксперименттік зерттеу үдерістерінде интеллектуалды дамуы бұзылған оқушылардың танымдық үдерістерін дамыту үшін мультимедиялық оқыту кешендерін әзірлеу мен пайдаланудың әдістемелік негіздерін анықтау.Мультимедиялық технологияларын қолдану тиімділігін тексеру мақсатында осы санаттағы балалардың кейбір маңызды танымдық қабілеттерін (ойлау, есте сақтау, зейін) дамыту және түзете-дамыту іс-әрекеті мысалында зерттеу жүргізілді. Педагогикалық эксперимент балалардың осы санатының танымдық саласын дамытудың қосымша құралы ретінде арнайы таңдалған дидактикалық материалмен және жұмыс дәптерімен жан-жақты үйлесімде мультимедиялық технологияларды (роликтер, презентациялар) қолдану бойынша жүйелі жұмысты қамтыды. Эксперименттік топта (ЭТ) бастауыш сынып оқушылары бір жыл бойы мультимедиялық кешенмен айналысты.
Эксперимент нәтижелері қойған болжамдарды растады және интеллектуалдық дамуында жеңіл бұзылыстары бар кіші жастағы оқушылармен жұмыс істеуде мультимедиялық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын анықтауға көмектесті. Нәтижелерді салыстыру талдауы мультимедиялық технологияларды қолдану неғұрлым тұрақты білім мен дағдыларды қалыптастыруға, интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға, өзіндік жұмыс дағдыларын бекітуге, түзету оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін дәлелдеді.