Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы
Мақала рецензиялауға қойылатын талаптар
Рецензиялаудың түрі мен тәртібі
Авторлардың назарына
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы / Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана» журналының «Филология ғылымдары», «Педагогика ғылымдары», «Халықаралық қатынастар және аймақтану» сериялары редакциясына ұсынылған барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде жабық рецензиялаудан (рецензент қолжазбаның авторларын, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді) өткізіледі. Қолжазбалар бағалау үшін екі рецензентке жіберіледі.
- Мақалаларды рецензиялауды редакция алқасының мүшелері, сондай-ақ тиісті ғылыми бағыттың рецензенттері жүзеге асырады. Мақалаға сараптама жүргізетін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді жауапты редактор, редакция алқасы мүшелері қабылдайды. Рецензент мақаланы алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде пікірін дайындап редакцияға жібереді.
- Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдау және түсіндіруге әсер ететін айқын мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда рецензиялаудан бас тартуға құқылы. Дәлелді бас тарту қолжазба келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде редакцияға жіберіледі. Рецензент қолжазбаны қарастыру нәтижелері бойынша мақаланың одан ары қарайғы тағдыры туралы ұсыныстарын (рецензенттің әр шешімі негізделген) береді:
- мақала осы түрінде жариялауға ұсынылады;
- рецензент көрсеткен кемшіліктерді түзеткеннен кейін мақала жариялауға ұсынылады;
- мақала басқа маманның қосымша рецензиялауын қажет етеді;
- мақаланы журналға жариялау мүмкін емес.
- Егер рецензияда мақаланы түзету және жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, журнал редакциясы рецензия мәтінін авторға мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде ескеруі немесе оларды негіз келтіре отырып (жартылай немесе толық) жоққа шығаруы үшін жібереді. Мақаланың аяқталу мерзімі авторларға электрондық пошта арқылы өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберген сәттен бастап бір аптадан аспауы керек. Автордың өңделген мақаласы рецензиялауға қайта жіберіледі.
- Егер авторлар материалдарды қайта қараудан бас тартатын болса, олар мақаланы жариялаудан бас тартатыны туралы редакцияға жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауға міндетті. Егер авторлар рецензия жіберілген күннен бастап екі аптаға дейін материалдың түзетілген нұсқасын қайтармаса, тіпті авторлардың мақаланы қайта қараудан бас тартуы туралы ақпарат бермесе де, редакция оны есептен шығарады. Мұндай жағдайларда авторларға қайта қарап шығуға бөлінген мерзімнің аяқталуына байланысты қолжазбаны тіркеуден алып тастау туралы тиісті хабарлама жіберіледі.
- Егер автор мен рецензенттер арасында қолжазбаға қатысты шешілмейтін қарама-қайшылықтар болса, редакция қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда шешімді бас редактор редакция алқасының отырысында қабылдайды.
- Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес редакция алқасының отырысында қабылданады. Редакцияның шешімі бойынша жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарастыруға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы хабарлама авторға электрондық пошта арқылы жіберіледі.
- Журналдың редакциялық алқасы мақаланы жариялауға жіберетіні туралы шешімін қабылдағаннан кейін, редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялану мерзімін көрсетеді.
- Оң пікірдің болуы мақаланы жариялау үшін жеткілікті себеп бола алмайды. Жариялау туралы соңғы шешімді редакция алқасы қабылдайды. Даулы жағдайларда шешімді бас редактор қабылдайды.
- Пікірлердің түпнұсқалары журнал редакциясында мақала жарияланған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.
- Журнал редакциясы редакцияға тиісті сұраныс түскен жағдайда пікірлердің көшірмелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді.
Рецензенттерге ескерту
Рецензенттер ғылыми мақалаларды бағалау кезінде төменде аталған негізгі ұстанымдарды басшылыққа алуы керек:
- Рецензенттің келісімі
1) тақырыптық мамандандыруға сәйкес қолжазбаларды сараптамадан өткізуге;
2) рецензиялауды уақтылы жүзеге асыруға.
- Рецензент сараптау бағалауының құпиялылығын сақтауы керек.
- Рецензент қолжазбаға объективті және сындарлы баға береді.
- Рецензент пікір беру барысында алынған ақпаратты өзінің мүдделері үшін де, үшінші тұлғалардың мүдделері үшін де пайдалана алмайды.
- Рецензент пікір беру барысында кемсітетін немесе беделді түсіретін түсіндірмелер бермеуі тиіс.
- Рецензент өзі жеке шешім қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда, редакцияға хабарласып, ықтимал мүдделер қақтығысы болғанын жариялауы тиіс.
Рецензенттер саясаты:
Рецензия жүргізу үшін редакция келесі рецензиялау құрылымын ұсынады:
- Мақаланың тақырыбы.
- Журнал тақырыбына сәйкестік.
- Мақала тақырыбының өзектілігі (ерекшелігі).
- Зерттеудің жаңалығы, ғылыми және практикалық маңызы.
- Мазмұнның мақала тақырыбымен сәйкестігі.
- Мақала тақырыбына тәсілдер мен зерттеу әдістерінің сәйкестігі.
- Қорытындылар мен нәтижелердің мәні.
- Баяндау стилі (грамматика, айқындылық).
- Техникалық деңгейге сәйкестік (иллюстративті).
- Әдебиетті қолданудың негіздемесі.
Жалпы алғанда, рецензия мазмұнында мақала материалына сауатты талдау және нақты дәлелді ескертулер мен ұсыныстармен объективті негізделген бағалау болуы керек.
Мақала авторларына рецензия мәтінімен (рецензент туралы ақпаратсыз) танысуға мүмкіндік беріледі.
Пікірдің қорытынды (резюме) бөлімінде рецензенттің қорытындысы ретінде келесі ұсыныстар енгізілуі мүмкін:
- мақала осы түрінде жариялауға ұсынылады;
- рецензент көрсеткен кемшіліктерді түзеткеннен кейін мақала жариялауға ұсынылады;
- мақала басқа маманның қосымша рецензиялауын қажет етеді;
- мақаланы журналға жариялау мүмкін емес.