ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ПРАКТИКАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Автор(лар)

  • Аубакирова С.Д.
  • Дюсенбаева Б.А.
  • Абенова Н.Р. Ену имени Л.Н.Гумилева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.002

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, мұғалім, өзіндік тиімділік, ерекше білім беру қажеттіліктері, инклюзивті тәжірибе, мінез-құлықты басқару, ынтымақтастық, кәсіби даму

Аннотация

Саламанка декларациясының қабылдануымен инклюзивті білім беру бүкіл әлемде білім беру жүйелерін дамытудың прогрессивті гуманистік бағыты ретінде танылды және қазіргі оқу процесінің маңызды элементіне айналды. Қазіргі уақытта барлық елдер барлық білім алушыларға негізгі білімге қолжетімділікті ашатын, олардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алу үшін жағдай жасай отырып, жайлы білім беру кеңістігін құруға ұмтылуда. Соңғы онжылдықтарда инклюзивті тәжірибе ерекше білім беру қажеттіліктері мен мүгедектігі бар оқушылардың табыстылығының ажырамас бөлігіне айналды және мұғалімдердің құзыретіне жаңа талаптар қойды. Мұғалімдер күнделікті оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерімен бетпе-бет келіп, инклюзивті сыныпты басқарудың түрлі мәселелерін шешуге, әлеуметтік қызметкерлермен, ата-аналармен, қолдау қызметінің мамандарымен және әріптестерімен жұмыс істеуге міндетті. Осындай талаптардың бірі – мұғалімнің инклюзияны жүзеге асырудағы өзіндік тиімділігіне сенімді болу. Бұл сандық зерттеу қазақ және орыс тілдерінде онлайн сауалнама жүргізу арқылы Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің ерекше білім беру қажеттіліктері мен мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерінің өзіндік тиімділігін зерттеуге бағытталған. Зерттеуге 137 адам қатысты. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу SPSS 23 бағдарламасы арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде инклюзияны дамытудағы кейбір кедергілер анықталды. Статистикалық деректер бойынша мұғалімдер деструктивті мінез-құлықты басқару, ата-аналармен жұмыс істеу және оқу бағдарламасын бейімдеу сияқты аспектілерде инклюзивті әдістер мен стратегияларды қолдануға жеткілікті сенімділік танытпаған. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері мен мүгедектігі бар балаларды инклюзивті сыныпқа тек формалды түрде енгізуге әкелуі мүмкін. Мұғалімдердің аталған салалардағы кәсіби құзыреттілігін дамыту инклюзивті білім беруді табысты жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles