БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Бисенбаева Ж. Military institute
  • Бегалиева Л.
  • Кидирбаева Х.
  • Белегова А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.025

Кілт сөздер:

мұғалім, мектеп, құзыреттілік, заманауи, функциялар, білім, қалыптасу, цифрлық орта

Аннотация

Ақпараттандыру процестері, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) кеңінен қолдану білім беруді дамытудың мемлекеттік тапсырысын орындаудың шарты болып табылады. Мемлекеттік білім беру стандарты, ақпараттық қоғамды қалыптастыру стратегиясы білім беру ұйымдарының ақпараттық-білім беру ортасын жаңартуға ғана емес, оның ресурстарын тиімді пайдалануға сұранысты тудырады. Ал бұл мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үнемі арттырмайынша мүмкін емес. Бұл жағдайда ақпараттық-білім беру ортасы олардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың өрісі мен құралы ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар оның әлеуетінің үнемі өзгеріп отыруы мұғалімдердің АКТ-ны қолданудағы құзыреттілігін жедел дамытуды талап етеді. Мектеп мұғалімдерінің АКТ құзыреттілігінің маңыздылығын түсінудің түрлі жолдары талданады. Талдау негізінде мектеп мұғалімдерінің АКТ қолдану құзыреттілігін арттырудың тиімді әдістемесін әзірлеу мақсатында АКТ компоненттерін бағалауды зерттеу және оларды пайдалануды зерттеу мақсатында Қазақстан мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін мұғалімдердің АКТ қолданудағы құзыреттілігін кешенді бағалау құралдарын әзірлеу үшін пайдалануға болады. Қоғамның педагог қызметіне қойылатын талаптары мұғалімдердің АКТ-ны қолдану дағдыларын дамыту қажеттігін көрсетеді. Мұғалімдердің АКТ қолдану құзіреттілігін дамыту мәселесі жоғары биоәлеуметтік тәуекелдер мен белгісіздік дәуірінде де көрініс тауып, шиеленісуде.

АКТ қолдану құзыреттілігі – еңбекке, оқуға және/немесе демалысқа байланысты мақсаттарға жету үшін АКТ-ны сыни және шығармашылық пайдалануға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылардың жиынтығы.

Мұғалім өз жұмысында оқу-тәрбие процесін цифрландыруға байланысты көптеген функцияларды орындауы керек, оның табысты жүзеге асуы көбінесе білім берудің табыстылығын анықтайды.

Бұл функцияларға мыналар жатады: ақпараттық функция (іздеу, сенімді ақпаратты таңдау, қажетті ақпаратты талдау және сақтау); дидактикалық материалдарды құру (АКТ форматында оқулықтарды, бағалау материалдарын, студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарды дайындау); ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (АКТ дербес деректерін және білім беру ұйымының білім беру деректерін қорғау ережелерін білу, құпиялылық); коммуникация (байланыс арналарын дамыту және студенттерден кері байланыс алу); техникалық функция (әртүрлі АКТ және қосымшалармен жұмыс істеу дағдылары, техникалық есептерді шешу дағдылары).

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-27

Жоба

Раздел

Статьи