АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИ ЕСКЕРТКІШТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖОО-ДА ОҚЫТЫЛУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.007Кілт сөздер:
Алтын Орда, интербелсенді, дәріс, әдістеме, технология, құндылық, ескерткіш, оқытуАннотация
Мақалада Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштерді жоғары оқу орындарында қалайша ұтымды оқытуға болатындығы жайлы айтылады. Алтын Орда дәуірінің қалайша қалыптасқанынан бастап, сол дәуірдегі шығармаларды қамти отырып, жоғары оқу орнында әртүрлі интербелсенді технологияларды, соның ішінде дәрістің маңыздылығы жайлы айтылады. Мақаланың негізгі міндеті сабақ барысында, әсіресе қазақ әдебиеті сабағында жоғары әдістемелік шеберлік көрсету мақсатында түрлі жаңа технологияларды қалай қолдануға болатынын көрсету. Сондай-ақ Алтын Орда дәуіріндегі шығармаларды жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды оқыту арқылы студенттердің рухани құндылықтарын дамытуға болатынын айқындау.
Мақалада теориялық талдау, ақпаратты жинақтау әдістері қолданылады. Олардың тәжірибеде қолданылуы көрсетіледі. Мақаланың маңыздылығына келетін болсақ, Алтын Орда жәдігерлерін жоғарғы оқу орындарында оқыту мәселесі қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылатыны туралы сөз қозғаған дұрыс. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі Алтын Орда дәуірін зерттеу аса маңызды болып саналады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тақырыбын насихаттау бойынша бірқатар бастаманы мақұлдады. Осыған орай Атырауда «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» тақырыбымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты: «Біз Алтын Орда дәуірінен келген құнды жәдігерлерді дүниежүзіне танытып, оны туризм саласын дамыту үшін тиімді пайдалануымыз керек»,- деді. Және де осы Алтын Орда жәдігерлерімен студенттерді таныстыру тарихымыздың ұмытылмауына қосатын бірден бір үлес болмақ.
Қорыта келгенде, мақалада Алтын Орда жәдігерлерін ЖОО оқыту барысында интербелсенді технологияларды қолдану өте тиімді екені анықталады, себебі ол студенттерді оқу барысына қызықтырып, шығармашылыққа бойлауына септігін тигізеді.