ЖОО ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ РЕСУРСТЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН САПАЛЫ ТҮРЛЕНДІРУДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДА ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.002Кілт сөздер:
ғылыми-инновациялық әлеует, профессорлық-оқытушылық құрам,, ербестендірілген траектория, ресурстық - жеке қабілеттер, инновациялық ұтқырлық, құзыреттілік, мақсаттылық, модельдеуАннотация
Жоғары білім беру жүйесін реформалау кезеңінде заманауи мұғалімнің жасаушы, жаңашыл және түрлендіруші ретіндегі идеалды бейнесін іздеу білім беру парадигмасын дамытудың әлемдік тенденцияларының ықпалында болады. Біріншіден, бұл қазіргі әлеуметтік-экономикалық шындықта туындайтын оқытудың жаңа тәсіліне қоғамдық сұраныс, екіншіден, бұл жоғары білім берудің жүйелі ғылыми-инновациялық дамуына бағытталған жоғары мектептің білім беру доктринасының векторының өзгеруі.
Университет оқытушысының ресурстық - жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері зерттеу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-инновациялық әлеуетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Зерттеу Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ИРН АР14872123 «Зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-инновациялық әлеуетін дамытуды партисипативті басқару» жобасы аясында жүргізілді.