«MINDMAPPING» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.023Кілт сөздер:
Mindmapping технологиясы, ойлау, ақыл-ой картасы, шығармашылық ойлау, есте сақтау, ақпаратты талдау, жаңа идея, байланыс, эксперимент, бастауыш сыныпАннотация
Зерттеуіміздің өзектілігін айқындау мақсатында бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен «Педагог» кәсіптік стандартында қарастырылған сыни ойлау, шығармашылық ойлау дағдылары мен жаңа инновациялық идеяларды құруға бағытталған процесстер талданды. Білім беру процесінде бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы мен ойлау дағдысын қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады. Өйткені, білім беру стандартында көрсетілген шығармашылық ойлау, сыни ойлау, позитивті ойлау дағдылары бастауыш сынып оқушы тұлғасының үйлесімді дамуына мүмкіндік береді. Осы орайда, мақаланың мақсаты - білім беру жүйесін жүзеге асыруда ойлауды дамытатын «Mindmapping» технологиясының маңыздылығын қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін «Mindmapping» технологиясының түрлері: ақыл-ой картасы, ментальды карта, білім карталары қарастырылап, ақпаратты толық саралауға, жоспар құруға, жоба әзірлеуге, жаңа идеяларды ұсынуға толық мүмкіндік береді. Мақалада «Mindmapping» технологиясы - ойлауды дамытатын аналитикалық құрал ретінде қарастырылады. Мақала авторлары зерттеу мәселесін қарастырған отандық ғалымдар мен шетелдік психолог ғалымдардың еңбектеріне, «ақыл-ой картасына» берген анықтамаларына контент-талдау жүргізді. Т.Бьюзеннің ақыл-ой картасын құруда ұсынған ережелері, тиімді тұстары мен нақты сұрақтары негізге алынды. Оқу процесінде «Mindmapping» технологиясының маңыздылығын айқындау мақсатында З.Космодемьянсая атындағы №23 мектеп-лицейінің 4 сыныптың 58 оқушысымен тәжірибелік-эксперимент жұмыстары жүргізіліп, эксперименттің анықтау және бақылау кезеңдерінің салыстырмалы нәтижелері талданды. Сондай-ақ, қалыптастырушы кезеңде жүргізілген ақыл-ой картасын құруға негізделген бірнеше тапсырмалар ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бақылау кезеңінде алынған нәтижелер бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдысын қалыптастыруда ақыл-ой карталарын құруға бағытталған тапсырмалардың тиімділігі дәлелденді.